Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама



бет10/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)
darister1-15. geobotania (1), Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1)
Солтүстік Қазақстан
-Солтүстiк Қазақстанға қазiргi Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола және Павлодар облысының солтүстiк бөлiгi жатады.
-Солтүстiк Қазақстанда өзендер мен тұщы сулы көлдер мол.
-Ертедегi грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, савроматтар «биiк таулардың бауырында» тұрған аргиппейлермен көршi болған. Мұнда әңгiме Орал таулары туралы болып отыр. Бұлардан шығысқа қарай исседондар орналасқан. Тiл бiлiмi мамандары «аргиппей» сөзiн латын тiлiнен «ақжалды жүйрiк аттардың иелерi» деп аударады.
-Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солтүстiк Қазақстанның тұрғындары егiншiлiк пен отырықшылықтан бiртiндеп көшпелi өмiр салтына ауыса бастаған.
-Жайық пен Ертiс өзендерi арасында сақ үлгiсiндегi мәдениет қалыптасуына Орталық Қазақстандаѕы Тасмола мәдениетiнiң әсерi болған. Ұлыбай атырабының ескерткiштерi Тасмолаға ұқсас келедi.
-Сақтар заманының алғашқы кезеңiнiң бүгiнде жақсы зерттелгендерi мынандай обалар: Бiрлiк, Алыпқаш, Покровка, Бектеңiз. Бұл ескерткiштерден садақ жебелерi, жалпақ пышақтар, сыртында iлмешегi бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар т.б. заттар табылды.
-Сақ дәуiрiнiң ерте кезеңiне жататын үш қоныс: Қарлыға, Бөркi және Кеңөткел зерттелдi.
- Археологтар Есiл өзенiнiң оң жағалауында орналасқан ерте темiр дәуiрiне жататын Ақтау бекiнiс-қалашығын зерттедi. Бекiнiс жеке-жеке бес қорғаныс қалқасынан тұрады.
-Шығыс Еуропа жерiнен, Кавказдан Қазақстан жерiнде өндiрiлген металдан жасалған заттар табылды. Олар б.з.б.3–1 ғасыр аралығын көрсетедi.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауысқан уақыты:
Жауабы: б.з.д.Імың жылдық
2.Геродот Жазбасындағы савроматтардың «биік таулардың бауырында» тұрған көршілері:
Жауабы: Аргиппейлер
3.Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында мекендеген:
Жауабы: Аргиппейлер
4.Ежелгі заманда аргиппейлер қоныстанған аумақ:
Жауабы: Сарыарқаның солтүстігі
5.«Ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деп аталған тайпа:
Жауабы: Аргиппей
6.«Аргиппей» сөзінің латын тілінен аударғандағы мағынысы:
Жауабы: Ақ жалды жүйрік аттардың иелері
7.Геродот жазбаларында «олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып,соның астына паналайды» деп жазғандарға жататын:
Жауабы: Аргиппейлер
8.Аргиппейлер туралы : Олардың әрқайсысы қыста ағашты киізбен жабады деп жазған:
Жауабы: Геродот
9.Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді. Олар өкпелескен көршілерін татуластырады, егер біреу өздеріне қорған іздеп қашып келсе , оны ешкім ренжітпейді, бұл халықты атады:
Жауабы: Аргиппейлер
10.Солтүстік Қазақстан жеріндегі алғашқы сақ заманына жататын зерттелген обалар:
Жауабы: Бірлік, Алыпқаш, Бектеңіз
11.Сақтар заманына жататын Бірлік,Алыпқаш, Бектеңіз обалары орналасқан өңір:
Жауабы: Солтүстік Қазақстан
12.Ерте темір дәуіріне жататын қоныс:
Жауабы: Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел
13.Солтүстік Қазақстан жеріндегі Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел қоныстары жатады:
Жауабы: Ерте темір дәуіріне
14.Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын Солт. Қазақстан жеріндегі қоныс:
Жауабы: Қарлыға
15.Ерте темір дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстан жеріндегі бекініс-қалашық:
Жауабы: Ақтау
16.Ерте темір дәуірінің Ақтау бекініс-қалашығы орналасқан жер:
Жауабы: Есілдің оң жағалауы
17.Солтүстік Қазақстан жерінде б.з.б. 3-1 ғасырлар аралығында өндірілген металдан жасалған заттар табылды:
Жауабы: Шығыс Еуропа, Кавказдан
18. Тасмолаға ұқсас ескерткіш табылды:
Жауабы: Ұлыбай атырыбынан
19.Аргиппейлерге тән, Тасмола мәдениетіне ұқсас ескерткіш:
Жауабы: Ұлыбай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет