Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ



Дата13.08.2017
өлшемі84,83 Kb.
#23639
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан

Білімділік мақсаты:

Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Шілікті патша қорғандары жалпы бұл аймақты мекендеген аримаспылар туралы толық мағұлмат беру.



Тәрбиелік мақсаты:Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытуышылық мақсаты: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, карта

Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы, география,әдебиет

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы сұрау

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

ІV. Сайыс сабақ

V. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы



І. Ұйымдастыру

Оқушыларды үш топқа бөлу. топтың аттарын анықтау, бүгінгі сайыс сабақтың жоспарымен, шарттарымен таныстыру.

- Саламатсыздар ма, оқушылар! Бүгінгі сабақта кім жоғын белгілеп алайық. Сіздер үш топқа бөлініп отырсыздар, сабағымыз екі бөлімнен тұрады. І бөлімде өткен сабақтан алған білімдерінді көрсетесіңдер, ІІ бөлімде жаңа сабақты меңгересіңдер, ал ІІІ бөлімде сайысу арқылы игерген білімдеріңді көрсетесіңдер. Ендеше өткен тақырыптан алған білімдеріңді байқап көрейік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тақтаға назар аударыңдар, қазіргі сайысымыз « Тұлғаны таны » деп аталады. Тақтада алты ұяшық бар, сол ұяшықтардың астында сұрақтар жасырылған. Қазір әр топ кезектесіп екі-екіден осы сұрақтарға жауап береді.




1

2

3

4

5

6

1. Солтүтік Қазақстан деген тарихи- географиялық ұғымға  бүгінгі қай облыстар кіреді? ( Қостанай, Солтүтік Қазақстан, Ақмола, Павлодар.)

2. Жұт дегеніміз не? (Жерді қалың мұз басып, малдың қырылуы, шөп, жемнің жоқтығы.)

3.Жұтқа қарсы күресудің басқа да қандай әдістері бар ? (Қар мен жаңбыр жауған кезде малды басқа жаққа айдап әкетіп,жайылымды күреп, тазалайды немесе малды орманға апарып, қоршауға қамап қояды. )

4. Ұлыбай атырабының ескерткіштері неге ұқсас? ( Тасмолаға )

5 « Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын тайпа? ( Аргиппейлер)

6.Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына әсер еткен мәдениет? ( Тасмола мәдениеті)

ІІІ. «Шатасқан мәліметтер»

Солтүстіктегі

шаруашылықтың



Қазақстанда

мәдениетіне

ұқсайды


өмір салтына ауыса бастаған

өте жақсы дамыды.

Б.з.б 1 мыңжылдықта

басым түрі

Солтүстік Қазақстанның

тұрғындары



Қазақстан жерінде

көлдер мол

Солтүстік Қазақстан


мекендеген

сақтардың



өзендермен мен тұщы

егіншілік пен

отырықшылықтан



шаруашылығы

болды


Ерте темір

дәуірінде



түсті металл қорыту

көшпелі және жартылай көшпелі

еліміздің оңтүстігіндегі

өндіру ісі

Солтүстік

халқының

мәдениеті



сулы

мал

біртіндеп көшпелі

Дұрыс жауабы

\


Солтүстіктегі

шаруашылықтың



басым түрі

көшпелі және жартылай көшпелі

мал

шаруашылығы

болды


Б.з.б 1 мыңжылдықта

Солтүстік Қазақстанның

тұрғындары



егіншілік пен

отырықшылықтан



біртіндеп көшпелі

өмір салтына ауыса бастаған

Солтүстік Қазақстан


халқының

мәдениеті



еліміздің оңтүстігіндегі

мекендеген

сақтардың



мәдениетіне

ұқсайды


Ерте темір

дәуірінде



Қазақстан жерінде

түсті металл қорыту

өндіру ісі

өте жақсы дамыды.

Солтүстік

Қазақстанда

өзендермен мен тұщы

сулы

көлдер мол

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

( Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі )

Шығыс Қазақстанды ертеде аримаспылар мекендеген. Аримаспылардың атауы Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан. Тарбағатай баурайын тиграхауда сақтары қоныстанған. Шығыс Қазақстан ертеде металлургияның орталығы болғанымен даңқы шыққан.

 

Шығыс Қазақстанда ерте темір дәуірінің б.з.б. 5 - 4 ғасырларына жататын Берел қорымынан 40-тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр. Берел кезеңі деп аталуы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты. Бұл қорымдағы обаға жерленген адам жер бетінен 6-7 метр тереңдікте жатыр.



 

Берелдің кіші обаларынан бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген адамдар табылды. Адамдармен қоса бұл обаларға аттары бірге көмілген.

 

Ертедегі тұрғындар мәйітті бальзамдау әдісін білген. Мәйітті жасанды мұзға орналастырған. Олар желдің суықты төмен қарай әкетіп, сонда тұрақтап қалуын ойлап, қорғанның биіктігі мен енін есептеп шығарған. Осылайша желдеткіш желісі орнап, температура төрт градус суыққа дейін тұрақты қалыпта тұрған.



 

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының жерінде алып “патша қорғандары” көптеп кездеседі. Бұл жерде сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51оба бар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге жетеді.

 

Берел обасына жерленген адам астау-саркофагқа салынып, қарағаймен қаланған қабір ішінде жатыр. Қабір жанына 16 аттың қаңқасы, ер-тұман бірге көмілген. Ат әбзелдерінің алтынмен апталғанына қарағанда, обада тайпа көсемі, ру ақсақалы, бай немесе батыр адам жерленген болуы керек.



 

Археолог-этнолог Әбдеш Төлеубаевтың б.з.б.8 ғасырға жататын 3-Шілікті қорымындағы №1обадан тапқан археологиялық жаңалығы тарих ғылымында үшінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метрге жуық. Алып ғимараттың ішіне патшаны жерлеген. Ол сом алтыннан құйылған 4325 (2011 жылғы баспада 4303 деп берілген) Патшаның жанынан биліктің белгісі болып саналатын алтын бесжұлдыз табылды.



ІV. Бекіту

1. Зайсан, Алакөл Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

(Шығыс Қазақстан)

2. « Бәйгетөбе»обасының биіктігі мен диаметрі қанша метр?

(8м,диаметрі 100 метрге жуық)

3. Берел кезеңі қай ғасырлар аралығын қамтиды?

( б.з.б. 5 – 4 ғасырлар)

4. Шығыс Қазақстан аумағының Алтай жағын ертеде қай тайпа қоныстанған?

( Аримаспылар )

5. Берел обасы жанындағы қабірден неше жылқының қаңқасы табылған?

( 16 аттың қаңқасы шықты )

« Цифрлар сөйлейді» ойыны

1. 200,50,100,8,10,3,4,

2. 40,50,50,60,13,

3. 5,4,40,9,16,4,4,

4. 1998, 1999, 11.

Дұрыс жауабы:

1. Шілікті жазығында 200-дей ескерткіштер орналасқан. Оның 50-ден астамы ірі, алып обалар.Алып қорғандардың диаметрі 100 метрдің маңайында, ал биіктігі 8-10 метрге жетеді, яғни 3-4 қабат үйдің биіктігіндей.

2. Бұл қабірге екі адам жерлеген . Оның бірі 40-50 жастағы әйел. Бұл қабірден 13- қола жебе, жебе салатын қорамсақтың жұрнағы табылды.

3. Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірінің б.з.б. 5 – 4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңін Берел кезеңі деп атаймыз. Бұл қорымнан 40-тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр. Қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шықты. Аттар әр қатарда 4 аттан 4 қатар болып орналастырылған.

4. 1998 – 1999 жылдары археолог – ғалым З. Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде № 11 оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды.

V. Қорытынды:

  • Шығыс Қазақстан – ежелден адамға жайлы, малға шұрайлы жер.

  • Оның жайылымы мол шалғынды аймақтары мен тау жоталары, түрлі металдарға бай кен орындары бұл жерде көне мәдениеттердің қалыптасуына себеп болды.

  • Шығыс Қазақстан еліміздің шығыс өңірін алып жатқан ауқымды аумақ.


VІІ. Бағалау.

Үш топ сайыс барысында жинаған ұпайларын есептеп, әр оқушының сабаққа қатысуына қарай өзара бөлісіп, әділ бағаланады.


VІІІ. Үй тапсырмасы.

ОқушыларғаЕртетемірдәуіріндегіШығыс Қазақстан туралы мәліметтер жинастыру тапсырмасы беріледі.



Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет