№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет245/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Сабақтың типтері, құрылымы
. әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден 
құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы 
өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы 
(типтері) сан алуан.  
 
Сабақтың негізгі элементтері

 
Сабақтың басталуын ұйымдастыру
 бір минуттан бірнеше минутқа созылды 
және оның дербес бөлігіндей өткізіледі. Сабақтың басында іскер және дұрыс талап 
қою бүкіл сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізеді. Ұйымдастырушылық бөлімінде 
бәрі маңызды: мұғалім сабаққа қалай кіреді, өзіне деген сенімі, сөйлеуі, өзін ұстау 
қалпы,  талаптарды  орынды  қоюы  және  оқушыларға  деген  шынайы  ықыласы, 
сыйлаушылығы.  
  Оқыған 
материалдың меңгеруін тексеру
  /әдетте  үй  тапсырмасы/,  оның  мәні 
тексеру  және  қадағалауда,  сонымен  бірге  жаңа  материалды  меңгеруге  даярлауда 
болып  табылады.  Мұғалім  үй  тапсырмасын  орындауға  негіз  болған  басты 
идеяларды, ережелерді т.б. оқушылардың зейінін аударады. Үй тапсырмасын бәрі 
орындаған, орындамағанын анықтайды, қандай қиыншылықтар кездескенін біледі.  
  Сабақтың 
мақсаттарын және міндеттерін қою
. Сабақтың нақты міндеттерін 
және оны жүзеге асырудың жолдарын ұғыну мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін 
анықтығын,  жүйелілігін  және  бірізділігін  қамтамасыз  етеді.  Мақсат  пен  міндетті 
қою  әдетте  көп  уақыт  алмайды,  бірақ  ол  оқу  іс-әрекетіне  бағытталғандық береді 
және үлкен тәрбиелік әсері болады.  
 
Түсіндіру 
– оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. Оқушыларға жаңа 
материал түсінікті болу үшін мұғалім ғылыми дәлелдерді, оқушыларда бар білімге 
сүйенуді,  анық  және  түсінікті  баяндауды  жүзеге  асыруы  керек.  Бекіту  жаңа 
материалды  түсіндіріп  болғаннан  кейін  жаттығулардың,  дербес  жұмыстардың, 
арнайы  тапсырмалардың  жүйесі  арқылы  оқылған  материалдың  бастысына, 
сүйенетін буындарына оқушылардың назарын аудартады, теориялық қағидаларды 
оқу  іс-әрекетінің  практикасымен  байланыстырады.  Бекіту  арқылы  мұғалім 
оқушылардың материалды меңгергені туралы ақпарат алады.  
 
Қайталау
.  Оқу  материалын  тақырып,  бөлімдер,  курс  бойынша  жүйелеу, 
жалпылау,  қайта  айту.  Бұл  бөлімдегі  күрделісі  негізгі  идеяларды  бөліп  шығару 
және жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау болады.  
 
Сабақтың  нәтижесін  шығару,  қорытындылау
.  Сабақтың  өтілу  барысына, 
оқушылардың жұмысына қысқаша баға беру, оқығанның басты идеясын еске салу.  


 
Үй  тапсырмасы
.  Мұғалім  үй  тапсырмасын  хабарлайды,  қысқаша  орындалу 
жолын  түсіндіреді.  Үй  тапсырмасын  орындау  туралы  нұсқау  анық,  қысқа, 
бірізділікпен берілуі қажет.   
Егер  сабақтың  элементтерін  оның  бөлігі  ретінде  қарастырсақ,  олардың  жеке 
және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін 
элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер): 
1.
 
Жаңа білімді игерту. 
2.
 
Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары). 
3.
 
Оқушылардың білімін бақылау, бағалау. 
4.
 
Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме. 
5.
 
Білімді қорыту және жүйелендіру. 
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, 
ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.  
  Сабақтың  құрылымы  деп  «сабақтың  әртүрлі    варианттар  элементтерінің  
өзара  байланысы,  оқыту  процесінде  қолдануы,  оның  мақсатты  пәрменділігін 
қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1, 19). 
  Сонымен  педагогтар  мен  оқушылардың  қарым-қатынасын  ұйымдастыру 
негізінде  варианттардың  тиімді  сұрыпталу  жиынтығы  сабақтың  элементтерінің 
бірлесіп  әрекет  етуі,  белгіленген  мақсатқа  жеткізеді.  Педагогтың  шеберлігі 
дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың 
ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі. 
  Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. 
Қазіргі  дидактикада  кездейсоқ  емес,  сабақты  жіктеуге  әртүрлі  көзқарастар  орын 
алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі: 
-
 
дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников); 
-
 
дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев); 
-
 
оқыту әдісі (И.Н. Борисов); 
-
 
сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б. 
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет