№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет3/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Білім  беру  –  жүйе  ретінде
,
 
Н.В.Кузминаның  пікірінше,  педагогикалық 
жүйені қамтиды [4, с.213].  
Педагогикалық  жүйе  оның ғылыми  еңбектерінде  «жалпы  білім  жүйесіндегі 
білім  беру  үдерісімен  салыстырмалы  түрдегі  қосалқы  жүйе»  ретінде 
қарастырылады,  және  өз  кезегінде  оның  да  қосалқы  жүйелері  бола  отырып, 
тұтастай  алғанда  бес  құрылымдық  элементпен  сипатталады  (мақсат,  оқулық 
ақпарат, коммуникация құралдары, оқушылар мен педагогтар).  
Сонымен қатар, білім – жүйе ретінде үш өлшемде қарастырылады, олар: 

 
қарастырудың  әлеуметтік  көлемі,  яғни  әлемдегі,  белгілі  бір  елдегі, 
аймақтағы, ұйымдағы және т.с.с. білім. Нақ осы жерде мемлекеттік, жекеменшік, 
зайырлы, клерикалдық және т.с.с. білім беру жүйелері де қарастырылады; 

 
білімнің  сатысы  (мектепке  дейінгі,  бастауыш,  толық  емес  толық  орта 
білімге  бөлінетін  мектептік,  және  әртүрлі  деңгейлердегі:  маманды  тереңдете 
даярлау,  бакалавриат,  магистратура;  біліктілікті  арттыру  мекемелері, 
аспирантура, докторантура болып бөлінетін жоғары білім); 

 
білімнің бағдары: жалпы, арнайы (математикалық, гуманитарлық, табиғи-
ғылыми және т.б.), кәсіби, қосымша [4, с.216]. 


Осы тұрғыдан қарағанда, білімге тұтас жүйе ретінде төмендегідей сипаттама 
беруге болады: 

 
білім  –  жүйе  ретінде  зайырлы  немесе  клерикалдық,  мемлекеттік  немесе 
жекеменшік болуы мүмкін; 

 
білім – жүйе ретінде деңгейлік, сатылық болып сипатталады, мұның мәнісі 
негізінен жас ерекшеліктеріне байланысты. 
Сонымен  қатар,  барлық  мемлекеттерде  белгілі  бір  өзгерістер  бола 
тұрғанымен, мектепке дейінгі білім беру, одан кейін үш сатылы (бастауыш, орта, 
жоғары  сыныптар)  мектептік  білім  беру,  бұл  ретте  олардың  нысандары 
гимназиялар, 
лицейлер 
болып 
табылады 
және 
институттардан, 
университеттерден, академиялардан тұратын жоғары білім сатысы бар. 
Әр сатыда өзіне тән ұйымдастыру нысандары бар, яғни, сабақ, дәріс, семинар 
және  т.б.,  сонымен  қатар  бақылаудың  ерекше  нысандары  –  сауалнама,  сынақ, 
емтихан, т.б. 
Білім 
беру 
– 
жүйе 
ретінде 
деңгейлердің 
сабақтастығымен, 
басқарушылығымен, тиімділігімен, бағыттылығымен сипатталады. 
Білім  беру  жүйесінің  өзінің  қосалқы  жүйелеріне  тән  сапалық  және  сандық 
сипаттары бар. 
Осы  көрсеткіштердің  барлығы,  экономикалық  және  жалпыпедагогикалық 
бола тұрып, тереңірек үңілсек, психологиялық және педагогикалық аспектілерді 
де ашып көрсетеді. Олар мына сұрақтардың жауабынан білінеді: 

 
адамның  (баланың)  өзі  немесе  оның  ата-анасы  білім  жүйесінің  барлық 
сатыларын көре отырып, қалай дұрыс таңдау жасай алады;  

 
әрбір  білім  беру  құрылымының  (мектептің,  гимназияның,  лицейдің  кіші, 
орта,  жоғарғы  сатыларының)  ішінде  оның  оқу  субъектісіне  –  яғни  оқушыға 
қатысты ерекшелігі қалай көрінетіндігі;  

 
бір  құрылымдағы  дайындықтың  өткен  деңгейі  білім  алуды  басқа  бір 
құрылымда лайықты жалғастыруды қалай қамтамасыз ететіндігі; 

 
осылардың әрқайсысының әсерінің тиімділік критерийлері қандай екендігі; 

 
жүйелерді басқару тетіктері қандай, осы басқарудың ерекшелігін анықтау 
және т.б. 
Әрбір  мемлекеттің  өзіндік  білім  беру  жүйесі  болады.  Қазақстан 
Республикасының Білім беру туралы заңында анықталғандай білім беру жүйесі 
дегеніміз өзара iс-қимыл жасайтын: 
1)  бiлiм  беру  деңгейiнiң  сабақтастығын  қамтамасыз  ететiн  мемлекеттiк 
жалпыға  мiндеттi  бiлiм  беру  стандарттарының  және  бiлiм  беретiн  оқу 
бағдарламаларының; 
2)  меншiк  нысандарына,  үлгiлерi  мен  түрлерiне  қарамастан,  бiлiм  беру 
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының; 



 
3)  бiлiм  берудi  басқару  органдары  және  тиiстi  инфрақұрылымдар,  оның 
iшiнде  бiлiм  сапасы  мониторингiн  жүзеге  асыратын  ғылыми  және  оқу-
әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын бiлдiредi[8]. 
Білім  беру  жүйесінің  пайда  болуы  мәдениетті  сақтап  қалуға  және  оны 
дамытуға деген объективті қажеттіліктен туындады. Білім беру жүйесі адам мен 
білім  арасындағы  делдал  қызметін  атқарады,  яғни  білім  беру  жүйесі  адамның 
білім алуына жағдай жасайды. 
Білім беру ұғымын үдеріс ретінде
 қарастыратын 
болсақ,  бұл  тұлғаның  жетістікке  жетуі  үшін  арнайы  ұйымдастырылған  оқу-
тәрбие  үдерісін  яғни  педагогикалық  үдерісті  атаймыз.  Бұл  өз  кезегінде 
мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады. 
Білім беруді үдеріс ретінде қарастыру мыналарды көздейді:  

 
біріншіден, оның екі жағын бөліп қарау: оқыту және үйрету, бұл жерде осы 
терминдердің өздері де әртүрлі мағына береді; 

 
екіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығы; 

 
үшіншіден,  тәрбиелік  оқыту  үдерісінің өзі  оқушы  тұрғысынан  қарағанда, 
білім  игеруді,  іс-әрекеттерді,  оқу,  зерттеу,  танымдық  мәселелерді  шешуді, 
сондай-ақ,  жеке  тұлғалық  және  коммуникативтік  тренингтерге  қатысуды 
қамтиды, мұның өзі оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет