• өзін-өзі тану;
• өзін-өзі бағдарлау;
• өзіне-өзі ықпал ету.
Болашақ ұстаздың кәсіби өзін-өзі тануына психология курсы көмектеседі.
Өзін-өзі бағалауды анықтау үшін тиісті формула бойынша коэфицентті есептей
отырып, идеалдың реттелген және нақты тұлғаға тән тізбектерін құрудың
дәстүрлі әдістемесі пайдаланылуы мүмкін [9]. Кәсіби қасиеттерді өзін-өзі бағалау
эталондық қатардың кәсіби маңызды қасиеттерден тұруы жағдайында ғана осы
әдістеменің көмегімен анықталады. Педагогикалық мамандыққа, ең қолайлы
педагогикалық қызмет аймағына бағытталған деңгейді анықтау үшін
(оқытушылық немесе тәрбие жұмыстары) «ұғымдық сөздік» вербалды тест
түріндегі жобалық әдістемені қолданған жақсырақ.
Көпшілдік (тез тіл табысқыш) деңгейін анықтау үшін В.Ф. Ряховскийдің тесті
ұсынылады. Қарым-қатынас жасай білудің жеке икемділіктерден құралатынын,
сондай-ақ көптеген факторларға байланысты екенін ескере келе, өзін терең тану
педагогикалық техниканың шеберліктері, машықтары және әңгімелесушіні
тыңдай білу, қарым-қатынасты басқару, тыңдаушы алдында сөйлеу деңгейін
анықтау және т.б. бағыттар бойынша қатар жүруі тиіс. Кәсіби өзін-өзі тану
сондай-ақ жігерлі дамытудың, эмоциялық аймақтың, темперамент пен мінездің
ерекшеліктерін, жеке тұлғаның сөйлеу және назарының танымдық үдерістері
ерекшеліктерін (қабылдау, жады, елестету, ойлау) анықтауды дұрысырық көреді.
Достарыңызбен бөлісу: