Дескриптивтік әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным
заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал
прескриптивтік әдіснама – зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын
белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жүзеге
асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты
құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным
процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру
қызметтері атқарылады.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық,
жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары