Газдың жылу сыйымдылығы Дененің температурасын 1К-ге арттыру үшін оған келтірілген жылу мөлшеріне тең шаманы дененің жылу сыйымдылығы деп атайды.
Меншікті жылу сыйымдылық – бұл 1кг заттың жылу сыйымдылығы.
. (6.13)
Молдік жылу сыйымдылық – бұл 1 моль заттың жылу сыйымдылығы.
. (6.14)
Газды тұрақты көлемде немесе тұрақты қысымда қыздыруға болады. Соған сәйкес газдың екі жылу сыйымдылығы болады: и .
, (6.15)
. (6.16)
Бұл өрнекті Майер формуласыдеп атайды.
Жылу сыйымдылықтардың қатынасы адиабата көрсеткіші деп аталады:
(6.17)
Адиабаттық процесте
(6.18) (6.19) Менделеев-Клапейрон теңдеуін дифференциалдаcaқ
Соңғы екі теңдеуден мынаны аламыз:
екенін ескеріп және айнымалыларды жекелесек
Интегралдағаннан кейін (6.20) немесе
1 және 2 күйлер өз қалауымызша алынғандықтан,
(6.21) Бұл өрнекті Пуассон теңдеуі деп атайды.
Егер жүйенің күйін анықтайтын макроскопиялық параметлер (қысым, температура) тұрақты болып қалса, жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болады. Тепе-теңдік күйдегі жүйеде жылу өткізгіштік, диффузия, химиялық реакциялар, фазалық ауысулар жүре алмайды.
Егер жүйе термодинамикалық тепе-теңдіктен шығып кетсе, онда сыртқы күштер оған әсер етпегенде, жүйе өз-өзінен тепе-теңдік күйге қайтып оралады.
Бірақ тепе-теңдік орнағаннан кейін, жүйе өздігінен алғашқы тепе-теңдіксіз күйге қайтып орала алмайды. Яғни, молекулалық жүйелердің механикалық жүйелермен салыстырғанда ерекшелігі бар – ол термодинамикалық процестің кайтымсыздығы.
Егер термодинамикалық процесс алдымен түзу бағытта, сонан соң кері бағытта өтіп жүйе бастапқы күйіне қайтып оралғанда, не қоршаған ортада, не жүйенің өзінде ешқандай өзгеріс болмаса, ондай процесс қайтымды деп аталады. Бұл шартқа бағынбайтын процесті қайтымсыз деп атайды.