1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


-дәріс. Тақырыптың аталуы: Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика принциптері



бет4/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

2-дәріс. Тақырыптың аталуы: Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика принциптері
Дәріс жоспар:
1. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика принциптері
2. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика әдістері


1. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика принциптері. Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс – шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады. Коррекция ритмика ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс – шаралар жүйесі болып табылады. Дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады.
Арнайы коррекциялық ритмиканың принциптері: коррекциялық, алдын-алушылық, дамытушылық міндеттердің жүйелілігі.
Жүйелілік бала тұлғасының әр түрлі жақтарының дамуының өзара байланысын бейнелейді және біркелкі болмауы мәселесін де қарастырады. Бала тұлғасының дамуының әркелкілігі заңы әр адамның бір жас кезеңінде әр түрлі даму деңгейінде болатындығын көрсетеді:

  • Қолайлы деңгей нормаға сәйкес даму

  • Тәуекел деңгейі дамудағы қиындықтың туындау мүмкіндігі

1. Коррекциялық ритмиканың мақсаты мен міндеттерін анықтауда жеткіншектің даму деңгейіне болжам жасаған дұрыс, көбіне ауытқушы мінез –құлқының сол сәттегі көрінісіне ғана мән береміз. Алдын -алу шараларын уақытылы қолдану арқылы жеткіншектің даму мен мінез –құлқындағы қиындықтарды жоюға болады, сондықтан жеткіншеку тұлғасының үйлесімді дамуы үшін қолайлы жағдай туғызған дұрыс.
2 Диагностикалау мен коррекциялаудың бірлігі принципі біртұтас педагогикалық процестің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Коррекциялық жұмысты нәтижелі жүргізу үшін сыналушы туралы, мінез –құлқы мен қарым –қатынасының ерекшелігі туралы мәліметтер қажет. Коррекциялық ритмика процессі өзгерістерді тіркеуді, коррекция нәтижелілігін және барысын жүйелі бақылауды және диагностикалауда коррекциялық-педагогикалық іс -әрекеттің барлық кезеңдерін (мақсат, міндет, әдіс, тәсіл, нәтиже) қамтуды талап етеді.
3. Коррекциялық ритмикалық процесте жеке және жас ерекшеліктерді есепке алу принципін тұлға дамуының нормативтілігі принципі негізінде қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет