1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


Логоритмикалық тәсілдер мен жаттығулар



бет59/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

2. Логоритмикалық тәсілдер мен жаттығулар.
Компьютерлік логопедиялық «Дэльфа» жаттығу қондырғысы-бұл есту жәнесөйлеу тілі дамуының бұзылыстарыбар балалардың ауызекі және жазба сөйлеу тілдерін жан-жақты түзету арналған көп жақты компютерлік кешенді бағдарлама. Жеке компьютерлік негізінде жұмыс істейтін жаттығу қондырғысықандай да болмасын сөйлеу тілдік бірліктерден дыбыстан мәтінге дейінжұмыс істеуге, сан алуан сурдологопедиялық міндеттерді: сөйлеу тілдік тынысалуды,дауысты жәнесөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жақтарын дамытуға дейін дыбысты айтуды түзетуге, сөйлеу тілдік бұзылыстарды түзету үдерісіне ойын сәттерін ендіруге, жаттығу мен сөйлеу тілдік материалдардың қажетті түрін қайта-қайта қайталауға, әр түрлі ынталандыру материалдарын (суреттер, әріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер, дыбысталатын сөйлеу тілі)пайдалануға, оқушының даму мүмкіндігіне қарай әр түрлі деңгейдегі күрделілікте жұмыс істеуге, логопедиялық жұмыспен бір мезгілде қабылдау, зейін, есте сақтау қабілеттерін түзетуді шешуге мүмкіндік береді. Жаттығу қондырғысының жиынтығына сөйлеу тілдік сигналды өңдеуге арналған Блок, микрофон, негізгі бағдарламамен сөздікпен жұмыс бағдарламасы, топтық сабақтарды өткізу жұмыс тәсілдері мен әдістеменің сипаттамасы берілген практикалық толық басшылық енген [2]. Сөйлеу кезінде пайда болатынтілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн.Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа аймағы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады,ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады. Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет