1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған коррекциялық ритмика



бет61/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

1.Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған коррекциялық ритмика.
Тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға арт-терапияларды қолдану арқылы түзету жұмыстарын жүргізу. Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен және денсаулығымен бағаланады. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050 Стратегиясында-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу қажет екені көрсетілген. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, Қ.Р «Білім туралы» заңында белгіленген тәртіппен білім беруге, оларды тәрбиелеуге, еңбекке және кәсіби даярлау ісіне байланысты проблемаларды шешуге, кемтарлықтың алдын алуға бағытталған. Қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған және түрлі сырқаттарына байланысты әр түрлі кемістіктері бар, созылмалы ауруларға шалдыққан балалардың саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бұлардың қатарында тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар да бар. Көптеген жылдар бойы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар арнайы мамандардың, яғни мұғалімдер, психологтар, логопедтер мен дәрігерлердің ерекше назарында болып отыр. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың даму ерекшеліктеріне байланысты білім беруде арнайы мекемелерде оңалту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесі құрылды. Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі 138 513 баланың 20 279 (14,6%) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар санын құрайды.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың дамуындағы артта қалушылық түрлі кемшіліктердің полиморфтылығымен түсіндіріледі. Көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда жүйке жүйесінің зақымдануы жиі кездеседі. Тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларда бастапқы кемістік қозғалтқыш ауытқуы болып табылады (қозғалтқыш қызметтерінің жетілмеуі, бұзылуы немесе мүлдем жойылуы). Мұндай ауытқулары бар балалардың арасында көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар құрайды (89%). Осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Тірек- қимыл аппараты бұзылған балалардың психикалық кемшіліктері, жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстары Л.А.Данилова, И.Ю.Левченко, Е.М.Мастюкова, О.Г.Приходько, Н.В.Симонова, Г.В.Кузнецева, И.В.Смирнова, К.А.Семенованың еңбектерінде толық зерттелген. Ресейлік ғалымдар Л.А.Данилова, М.В.Ипполитова, Е.М.Мастюкова, Е.Ф.Архипова және басқалары мұндай балаларды өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың 40-50%-да психикалық дамудың тежелуі, 10%-да түрлі дәрежедегі ақыл-ойдың кемістігі көрініс табады. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға түзету жұмыстарын жүргізуде арт-терапияларды қолдануды ұсынуды жөн көрдік. Арт-терапия- бұл өнермен емдеу дегенді білдіреді. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның жаңа түрі болып есептеледі. Арт-терапияның мақсаты- жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді дамуы, ортаға әлеуметтік бейімделудің кеңеюіне мүмкіндіктерін жоғарылату. Өнерді балалардың психикалық дамуы ретінде қарастыру, балалармен жұмыс кезінде өнердің тәсілдерін психотерапевтік және психокоррекциялық құрал ретінде қолдануды негіздеу Х.Рид (1943) және Е.Крамер (1958, 1971) еңбектерінде көрсетілген. Ресейде бұндай тәжірибені Е.И.Бурно (1989), Г.В.Бурковский, Р.Б.Хаймин (1982), О.А.Карабанов және т.б. еңбектерінен көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет