1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


-дәріс. Тақырыптың аталуы: Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын жеңу үшін кешенді жұмыс жүйесіндегі коррекциялық ритмика



бет64/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

30-дәріс. Тақырыптың аталуы: Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын жеңу үшін кешенді жұмыс жүйесіндегі коррекциялық ритмика
Дәріс жоспар:
1.Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын жеңу үшін кешенді жұмыс жүйесіндегі коррекциялық ритмика
2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған коррекциялық ритмика жаттығулары
1.Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын жеңу үшін кешенді жұмыс жүйесіндегі коррекциялық ритмика.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады. Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.
Өзіндік массаж қолдың бірізділіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:
1. Қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.
2. Алақанға өзіндік массаж.
3. Қол саусақтарына өзіндік массаж.
Осы массаждарды істеу барысында балалардың ұсақ моторикасы дамып, іс-әрекет жасауға, өзіне-өзі қызмет істеуге әсерін тигізеді. Сабақ өту барысында баланың ұсақ моторикасы жақсы даму үшін 5-6 жаттығу орындалуы қажет. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша жаттығулардың барлық кешенін шартты түрде екі құрылымға бөлген:
1. Саусақтарға арналған гимнастика – бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сақыналау, қолмен орындау. Балалар көлеңкеленген ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Саусақтармен ойнау барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдарының моторикасын белсендіреді. Соның нәтижесінде өз қозғалыстарын басқара білу іскерліктерін дағдыландырып, іс-әрекеттің бір түріне зейінін шоғырландырады. Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілу мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша. Ең бірінші сөздік нұсқауы көрсетіліммен жүргізіледі, яғни балалар көрсетілім бойынша жұмыс жасайды. Одан кейін олардың өзбетілік деңгейлері өсе түседі – көрсетілім шеттетіліп, тек сөздік нұсқауға ғана қалады. Балалар бірге қайталамаса да, шама шарқынша қимыл көрсетуге тырысады. Саусақ жаттығуына арналған тақпақты айта бастағанда бала қандайда бір әрекет жасап, көңіл күйі көтеріліп өз ішкі дүниесін қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы жеткізуге тырысады. Әрбір түзете-дамыту сабағын балаларға тек ойын арқылы жеткізе аламыз. Сондай ойын түрлері: «Саусақ театры», «Бала, бала, балақан», «Саусақ көлеңкелері», «Қуырмаш», т.б. атап өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет