1 Дәріс. Теңіздік геодезияның мақсаттары. Теңіздегі геодезиялық жұмыстардың ерекшелігі



бет9/17
Дата07.02.2022
өлшемі244,95 Kb.
#84608
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Морская геодезия УМКД
Морская геодезия УМКД, 2 ҚМЖ ЖМБ Антропогенез кезеңдері, 1 сем
Орташа теңіз деңгейі. Теңіздің орташа деңгейі деп, белгілі бір уақыт көлемінде зерттеулер нәтижесінде алынған мөлшерді айтамыз. Оның бірнеше түрін ажыратады: тәуліктік, айлық, жылдық және көпшылдық ортааша деңгей.
Геодезия үшін көпжылдық орташа деңгей мүдделі болып есептеледі, себебі, одан бастап биіктік және тереңдік өлшенеді. КСРО уақытында негізгі бет ретінде (биіктік нөлі) деңгейлік бет алынған, ол Кронштадтск футшток нөлі бойымен өтеді. Кронштадтск футшток нөлі – бұл, металл тілімшесіндегі: биіктікке салынған горизонталь сызық, ол, 1825-1840 жж. аралығындағы орташа деңгейге сәйкес келеді. 1825 жылдан бастап теңіз деңгейін бақылау, оның биіктік бойынша тұрақтылығын көрсетеді.
Орташа көпжылдық деңгей ортажылдықтағыдай орташа арифметикалық тәсіліне ұқсас анықталады. Орташа деңгейді есептеу барысында, мерзімді көтерілу тербелістерін есептемейді. Сондықтан орташа көпжылдық деңгейді дәл анықтау ұзақтылығы, атмосфера әсерімен шартталған мерзімсіз тербелістер мөлшері көмегімен есептеледі. Көпжылдық деңгей бір пунктен 2 пунктке дейін өзгереді және әрбір ауданның гидрометеорологиялық жағдайларына айтарлықтай байланысты болады. Мұхит жағаларында көпжылдық деңгейді – 500 км-ден аспайтын -қашықтықтар үшін әрқашан орнықты деп айтуға болады. Ал, теңіздер үшін бұл қашықтық Для м-ге дейн қысқарады.
Әрбір нүктедегі орташа деңгей өлшемі – тұрақты емес және климаттық факторларға байланысты өзгереді. Ауа массасының муссон айналмасы бар аудандарда – жаз мезгілінде орташа көпжылдық деңгейдің жоғарылауы, ал қысқы уақытта төмендеуі анық көрінеді.

6 Дәріс Дүниежүзілік мұхиттың маңызы және рөлі.


Дүниежүзілік мұхит адамзат тарихында әрқашанда маңызды рөлді атқарып келді. Көптеген өркениттер, әдетте теңіз және мұхит жағалауларында пайда болды, ал мұхитқа шығатын жолы бар мемлекеттер, басқаларға қарағанда тезірек дамыды және ол мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті жоғары деңгейде болды.


Қазіргі кезде дүниежүзілік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлін 3 позиция арқылы айтуға болады: транспорттық артерия ретінде; тамақ өнімдері көзі ретінде; минералды шикізат және энергия қоры ретінде.
Дүниежүзілік мұхиттың транспорттық артерия ретіндегі маңызы өте жоғары. Қазіргі уақытта теңіз транспортына дүниежүзілің жүк тасылымының 80%-ы жатады, жіне бұл көрсеткіш күннен күнге өсуде.
Дүниежүзілік мұхит тамақ өнімдерінің көзі ретінде де үлкен маңызға ие. Адамзат теңіз өнімдерінің шамамен 2000 түрлерін өндіреді және азық-түлік ретінде пайдаланады. Тек әлемдегі балық аулау қазір шамамен жыл сайын 70 млн.тоннаны құрайды, ол жыл сайын мұхитта қайта жаңғыратын жалпы сомасының шамамен 5%-на тең. Мұхиттық флора мен фаунаның көптеген өкілдері фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін бастапқы материалдар болып табылады және ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде; химиялық, қағаз, тоқыма және тамақ өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады.
Құрлықтағы кенді және кенсіз шикізат қорының сарқылуына байланысты, адамзат баласы үшін мұхит бетінде және мұхит түбінде, олардың су массаларында болатын минералды ресурстардың маңызы ұлғаяды.
Мұхиттық қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын пайдаланудың перспективалық тұрғыдан қарағанда, болашағы зор. Мұхитта барлық белгілі минералдар жылы ерітінділер түрінде, суспензия және шөгінділер ретінде кездеседі. Сонымен қатар, мұхит шельфінде шоғырландырылмаған шөгінді қабатының астында кенді желі және кенді қабаттар анықталған. Олар құрлықтағы кен орындарының жалғасы болып табылады. Сейсмикалық белсенді терең сулы аймақтарда жылу су көздері бар, олардың әрекеті құрамында әртүрлі минералдар бар тұнбаның пайда болуына әкеледі. Соңында, мұхит түбінде үлкен ауданды қамтитын кендену процесі жүреді. Аталған мұхиттық кен формаларының ішінен перспективалық түрі ретінде – конкреция болып табылады. Конкреция - барлық мұхиттарда 3000 м тереңдікте кездеседі. Дүнижүзілік мұхиттағы жалпы конкреция қоры 1,5 трлн. т көлемінде бағаланады. Оның ішінде марганец қоры 350 млрд. т құрайды, бұл құрлықтағы марганец қорынан 300 есеге көп. Ферромарганец конкрециясының ерекше маңызы ретінде оның құрамындағы сирек кездесетін және түсті металлдардың болуымен түсіндіріледі. Тынық мұхиты конкрециясының өзінде кобальт, мыс, никель қорлары, құрлықтағы атақты кен орындарына қарағанда бірнеше есе көп.
Перспективалық мұхиттық пайдалы қазбаларға – суының температурасы 56 °С, тұзының шоғырлануы 20 %-ға дейін және құрамында бірқатар металлдардан(темір, марганец, мыс, цинк), сондай-ақ осы металлдармен байытылған қайыр ретіндегі тұнбалардан тұратын тұздықтар жатады. Қазіргі таңда мұхит түбінің шамамен 100 млн. км қамтитын су түбіндегі қызыл саздар, өндірістік пайдалануға ерекше қызығушылық танытып отыр. Олардың құрамында 20 % алюминий, 0,5 % мыс, 0,7 % кобальт, марганцец болады; мұхит түбінің 130 млн. км2-ын әкті тұнбалар қамтиды. Жалпы мұхит суы көбінесе болашақтағы кен ретінде қарастырылады. Онда ерітілген түрде барлық дерлік химиялық элементтер бар, және де кейбіреуі сарқылмайтын көлемде: натрий 1,4-1016 т, хлор 2,6-1016 т, магний 1,8Х Х10'5 т, калий 5,3-1014 т, кальций 5,6-10й т, бром 9-Ю'3 т. Дүниежүзілік мұхит суында уран, мыс, күміс, алтын кездеседі.
Қазіргі уақытта мұхит суынан кесек тұзы, магний, бром, калий, йод және т.б. элементтерді алудың проблемасы техникалық және экономикалық жағынан реттелген. Теңіз суынан уран, алтын және өзге де бағалы элементтерді алудың жолдары табылуда. Кенді және кенсіз шикізат өнімдерінің айтарлықтай соммасы теңіз қорымынан өндіріледі.
Осылайша, мұхиттағы минералды ресурстар пайдалану жаңадан ғана басталғанына қарамастан, теңіз пайдалы қазбаларының геологиясы мен оларды игеру әлемдік ғылым саласы және тау-кен өнеркәсібінде қалыптасып үлгерді.
Әзірге теңіздегі кен орындарындағы мұнай-газ қорының мөлшерін және аумақтық таралуын нақты айту мүмкін емес.
Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай-газ қорын іздеу аймағы жобамен 60—80 млн. км2 құраса, ал олардың жалпы жиынтық қоры 1,41—2,97 трлн. Т-ға тең.
Жоғарыда айтылған деректерге сүйенсек мұхиттардағы энергетикалық ресурстарды зерттеу, сондай-ақ, тұтастай алғанда пайдалы қазбалар қорларының зерттеу, енді ғана басталды деп айтуға болады.
Дүниежүзілік мұхиттағы теңіз геологиялық барлау жұмыстарының көлемі қарқынды дамуда, және ол жұмыстар көптеген аймақты қамтиды. Кең ауқымды мұхит түбінің пайдалы қазбалардың әр түрлі бағытталған жедел-іздестіру шараларының алаңы болу кезеңі басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет