1 Дәріс.(1 c) Тақырып: Педагогикалық шеберліктің мәні және негізгі компоненті


Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері



бет5/9
Дата14.06.2020
өлшемі49,54 Kb.
#73429
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
педшебер
педшебер
Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері. Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.

Психолог М.И. Лисина “Қарым–қатынасты – ортақ нәтиже мен шешімге жету мақсатында орындалған екі не одан да көп адамдардың өзара байланысы ” деп түсіндірсе, ал, К.К. Левин қарым – қатынастың бірнеше тәсілдерін көрсетті:.Әміршілдік қатынас– қол астындағылармен қатал қатынаста болу. Бұл жағдайда олар тек орындаушылар рөлін атқарады, қандай да болсын шешім қабылдауға қатыспайды;.Демократиялық қарым-қатынас, ол ұжым алдындағы міндеттерді талқылап бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік тудырады;.Либералды қатынас – жетекшілікпен ғана шектеледі. Бұл жағдайда талап қоюшылық, бір жүйе байқалмай әркім өз бетінше жүреді.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, яғни қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатал, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сенімсіздікке әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.
4 -5 дәріс. (4 c)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет