1 Дәріс.(1 c) Тақырып: Педагогикалық шеберліктің мәні және негізгі компоненті


Тақырып: Педагогикалық құзыреттілік



бет7/9
Дата14.06.2020
өлшемі49,54 Kb.
#73429
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
педшебер
педшебер
Тақырып: Педагогикалық құзыреттілік

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ, бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушы-лардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдар-ларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құ-зыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.

Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде, практикалық өмірде, мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда, өмірден өз орнын анық-тауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.

Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.

Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:

1. түйінді құзыреттер;

2. жалпыланған пәндік біліктіліктер;

3. қолданбалы пәндік біліктіліктер;

4. өмірлік дағдылар.

 Бұл төрт бағыттың бәрі біздің мектептер үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін, олардың мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын арттыруға себептесетін болады.

«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады:

1) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады.

2) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды  шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.

3) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.
7 дәріс. (2 c)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет