1. Құзыреттілік тұрғыдан тәрбие технологиясын таңдау «Құзыреттілік»



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі41,39 Kb.
#96193
  1   2   3   4
Байланысты:
Құзіреттілік тұрғыдан тәрбие тех. таңдау
Қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі, Қаңлы мәдениеті, Құзіреттілік тұрғыдан тәрбие тех. таңдау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие

1. Құзыреттілік тұрғыдан тәрбие технологиясын таңдау
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады.«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
Құзыреттілік – студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе. Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Айталық, ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Ал ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Аталған «құзыреттілік», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы бар.
Айталық,
 білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады;
 дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет;
 біліктіліктен айырмасы – бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Қоғам талабына қарай оқытушының білім берудегі міндеті нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру. Қазіргі уақытта оқытушымен бірге,студенттердің алдына қойылатын талаптар да өсуде. Талап студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға:
 нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде;
 қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде;
 практикалық өмірде мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда;
 еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда өмірден өз орнын анықтауға;
 өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Құзыреттілік ең алдымен студенттердің ақпараттық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда студенттердің өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. Студенттер өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал оқытушының мақсаты – студентке білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар беру.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
 студенттерді өз бетінше талдауға;
өз қызметіне мақсат қоюға;
 жоспарлауға, жинақтауға;
 қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;
 өзін-өзі бағалауға;
 өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;
 нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытушылар білім беру жүйесінде жаңа оқу технологияларын және интерактивті әдістерін қолдану арқылы оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді. Ол оқытушының ізденісі, жан-жақтылығы құзыреттілік арқылы айқындалады.
Даналы қытайлықтар осыған орай бұны келесі мақалда ажыратқан: «мың ұстаздар – әр қайсысы мың әдістерімен» қолданылады,яғни мұғалім өзінің әдістемелік шеберлік қасиеттері негізінде өзіне лайықты педагогикалық технологиялық әдісін тандауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет