Абай музыкасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
АКТ-ны тиімді пайдална біледі.Сөздік қоры молаяды.Абай шығармашылығына қызығушылықтары артады.
Абай әндерін орындауға құштарлық танытады.
Көрнекі, техникалық құралдар: Слайд, интерактивті тақта, Абайдың портреті.
Сабақ барысы
Уақыты
|
Сабақ кезеңдері.
Жұмыс түрлерінің мазмұны.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
|
Абайдың «Сегіз аяқ» әнімен оқушыларды жақсы көңіл күймен қарсы алып, жұмыс істеуге мүмкіндік қалыптастырады.
|
Оқушылар Абайдың«Сегіз аяқ» әнін тыңдап,көтеріңкі көңіл-күймен сабаққа кіріседі.
|
1 мин
|
Топқа бөлу
|
Мұғалім оқушыларды түрлі стикерлер тарату арқылы топқа бөледі.
|
Оқушылар стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Топ жетекшісін сайлайды
|
2 мин
|
Бағалау критерийлері.
|
Сабақ бастамас бұрын мұғалім топ жетекшілеріне бағалау парақшаларын үлестіреді
|
Оқушылар бағалау парақшаларын алады
|
4минут
|
Өткенге шолу.
|
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді айту,әнін орындау;
|
Оқушылар топ болып сұрақтарға жауап береді,әнін орындайды.
|
8 мин
|
Жаңа тақырып.
|
Абайдың « Көзімнің қарасы» әнінің шығу тарихы,басқа тілдерге аударылуы туралы ақпарат береді.
|
Дәптерлеріне көшіріп жазады.
|
5 мин
|
Слайд-презентация.
|
Интербелсенді тақтадан Абайдың шығармашылығы, ескерткіштері туралы слайд көрсетіледі.
|
Оқушылар итербелсенді тақтадан бейнероллик көреді, әндерін тыңдайды.
|
6 мин
|
Постер қорғау.
|
АКТ арқылы ғаламтордан «Абайдың музыкалық мұрасы» тақырыбына мағлұмат іздейді.
|
Әр топ оқушылары аталмыш тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жүргізіп, ортаға салып, постер қорғайды.
|
4 мин
|
Топпен жұмыс.
|
Көзімнің қарасы өлеңін мәнерлеп оқу,орыс тіліне аудару.
|
Оқушылар сөздік арқылы шығармашылық жұмыс жүргізеді.
|
4 мин
|
Дәптермен жұмыс.
|
Сөздердің аудармаларын дәптерге жазу .
|
Оқушылар дәптерлеріне көшіріп жазады
|
2 мин
|
Бағалау.
|
Топ жетекшілері әр оқушының белсенділігін ескере отыра, тиісті бағаларын қояды.
|
Топ жетекшілері әр оқушының белсенділігін ескере отыра, тиісті бағаларын қояды.
|
2 мин
|
Үй жұмысы.
|
«Көзімнің қарасы» әнін жаттап келу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
|
3 мин
|
Кері байланыс.
|
Тақырып бойынша пікірлерін түрлі-түсті стикерлерге жазуын қадағалайды.
|
Оқушылар түрлі-түсті стикерлерге пікірлерін жазып тақтаға жабыстырады.
|