Сабақтың тақырыбы: Ел ерекесі Ақан сері,



Дата11.02.2017
өлшемі42,35 Kb.
#8969
түріСабақ
Мыналар стандарт жоспар бұрынғы

1 тоқсан


Халқымыздың мақтанышы әнші композиторлары

1 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ел ерекесі Ақан сері, «Маңмаңгер».

Сабақтың мақсаты: Ақан сері шығармашылығымен танысу.

Білімділік: Қазақ өміріндегі сал-серілердің алатын орны, Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихымен танысу.

Дамыту: Ән айту қаблетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың төрт түлікке деген сүйіспеншілігін ояту.

  1. Ән ұран—орындауға

  2. Маңмаңгер, Ақан сері—тыңдауға

  3. Балалық шақ, А. Маханбетова--Үйренуге

Нота сауаты: Дыбыс қатары қайталау. Гамма До- До.

Сабақ барысы:

  1. Сабақ жылбасындағы алғашқы сабақ болғандықтан, Гимн РҚ, айтудан басталады.

Оқушылардың жазғы демалыстарын қалай, кім қайда ,қандай жаңа әндер естігендігі жайлы әңгімеден бастауға болады.

  1. Ақан сері өмір баяны. «Маңмаңгер әнінің шығу тарихы жайлы әңгімелеу.

Оқушыларға Қазақтың сал-серілері Біржан сал, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди, Үкілі Ыбырай, Майра, Естай, Нартай, Кенен тсс жайлы таныстырылады. Оларды халық не үшін құрметтеді?.

Сал-серілердің ерекше қасиеттері-ақындығы, әншілігі, күйшілігі, саятшылығы, түрлі сегіз қырлы өнерпаздығы.



Музыка тыңдайық: «Маңмаңгер» әні. Не туралы? Ақан серінің Құлагері. Оған Ақын не бір әндерді арнаған. Солардың бірі осы Маңмаңгер әні. Ақан серінің шын аты Ақжігіт, суырып салма ақындығымен қоса атбегілігі де бар. Құс салып саятшылықпен де айналысқан.

Нота сауатынан қайталау: Балалардың өткен сыныптағы танысқан До-До дыбыс қатарларын әуенмен қайталатылады. Және биылғы жылы нота сауаты қосымша оқытылатыны оқушыларға хабарланады.

Ән орындайық: «Балалық шақ» Әнін жазған А. Маханбетова, Сөзін жазған Ә Асылбек.

Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпіні жылдам. Ән көңілді, әрі жігерлі орындалады.



Қорытындылау: Сұрақтарға жауап бер!

  1. Ақан серінің шын аты кім ?

  2. Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған ?

  3. Ақан ды халық неге сері деп атады ?

Үйге тапсырма: Ақан сері жайлы қосымша мәліметтер жинау. «Балалық шақ» әнінің сөзін жаттау.

Бағалау:

Тексерілді: ________________________

5- Сынып 3 тоқсан

Әлем халықтарының музыкалық театры. (10 с)

17сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шығыс және батыс халықтарының классикалық музыкасы.

Мақсаты: Классикалық музыка өнерімен танысу.

Білімділік: Классикалық музыка ерекшелігімен танысу.

Дамытушылық: Ән айту қаблетін дамыту

Тәрбиелік: Ұлттық классикалық музыкамызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеті: Музыка жанрларын ажырата білуі.

Сабақ әдісі: Әңгімелеу.



  1. «Желмая Қорқыт»— тыңдауға.

2 «Алыстағы арман» күй— тыңдау

3 «Менің өлкем»,А.Маханбетова—үйрену.



Нота сауаты: Реприза, тональность.Қайталау

Сабақ барысы:

Классикалық музыка жайлы әңгімелеу. Алдымен шығыс музыкасының ерекшелігі, шығыс колориті туралы түсінік беріледі. Шығыс музыкасындағы «маком» «рага» және өзіміздің күй жанрымыздың қалай қалыптасқаны туралы пікір қалыптастырамын. Бұл шығыс классикасы. Ал Еуропа классикалық музыкасы, опера, симфония, балеттер болып табылады. Айырмашылығы, шығыс классикалық музыкалары ауыздан-ауызға жалғасып көшсе, Еуропа елдерінде жазбаша дамып қалыптасты. Яғни нота сауаты арқылы қалыптасты..

Музыкалар жайлы әңгімелеу. Оқушылар халық композиторларының классикалық музыкаларын табады (күйлер, халық әндері т.б)

Арнайы оқулықта берілген суреттер арқылы жұмыстар жасайды. Мазмұнына сәйкес келу керек.



Музыка тыңдайық: «Жел мая», Қоқыт музыкасын тыңдалық- не, туралы? Оқушыларға түсінікті болу үшін мұғалім Қорқыт күйлерінің музыкасының ерекшелігі жайлы түсініктеме береді. Орындайтын .

Музыкалық ойын: «Дыбысты тап» қайталау

Нота сауатынан қайталау: Балалардың өткен сыныптағы танысқан До-До дыбыс қатарларын әуенмен қайталатылады. Реприза. Қайталау белгілері.

Сигма, Фонарь т.б.



Ән орындайық: Бұл сабақта «Менің өлкем» әні. үйретіліп., А Маханбетованың шығармашылығы , оның алдыңғы сабақтағы әндері жайлы қайталанады. Ән көңілді, жеңіл айтылады.Әнді автор өзі орындаған. А.Маханбетованың басқа да репертуарлары туралы айтылады. Оқушылардың қалауы бойынша әндер айтуға болады..

Қорытындылау: Сұрақтарға жауап бер!

1 Классика дегеніміз не?



  1. Қазақтың қандай классикалық музыкасын айта аламыз?

  2. Шығыс музыкасының ерекшелігі неде?

Үйге тапсырма: Оқулық бойынша мәтінді оқып келу.
Бағалау:

Тексерілді:___________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет