1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет2/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,81 Mb.
#33881
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Гиперосмолярлы кома


4. Лактацидтік кома

5. Алкогольдік кома


68. 44 жастағы әйел, жүрек қағысына, дірілдеуге, ыстық сезімге, мазасыздыққа, шөлдегіштікке, шаршағыштыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 2 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды.Жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс. Пульсі 112 рет минутына. Артериальды қан қысымы 150/80 мм с.б.б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Артериальды гипертензия

2. Феохромоцитома

3. Эндемиялық жемсау

4. Нейроциркуляторлы дистония

5. Диффузды токсикалық жемсау
69. 35 жастағы әйел, жүрек қағысына, мазасыздыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 3 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды, қолдарында тремор.Мойынның алдыңғы үштен бір бөлігінде 2х2 см түйін пальпацияланады, ұстағанда тығыз, ауру сезіммен. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйінінің диаметрі 1 см, тығыз. Пульсі 112 рет минутына. Артериальдықанқысымы 140/80мм с.б.б.Жалпы қанталдауында: эритроциттер – 3,8х1012/л, гемоглобин 90г/л, лейкоциттер 4,3х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі қайсысы?

1. Ультрадыбысты зерттеу

2. Рентгенографиялық зерттеу

3. Компьютерлік томография

4. Мойындағы түйіннің биопсиясы

5. Радиоизотопты сканирлеу
70. Тоқ ішек дивертикулезімен ауыратын 37 жасар ер адамды тексеру нәтижесі: эритроциттер-3х1012/л, Нb -130 г/л, ЦП-1,3; макроцитоз, Жолли денешелері, ретикулоциттер – 1%, лейкоциттер – 3,0х109 /л, тромбоциттер -160000, сарысулық темір -20 мкмоль/л.

Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?

1. Фолий қышқылы препараттары

2. Цианкобаламин препараттары

3. Темір препараттары

4. Пиридоксин препараттары

5. Глюкокортикостероидтың препараттары
71. Ер адам 39 жаста, жанұялық дәрігерге шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Қан талдауында: эритроциттер - 1,9х109 /л, Нb - 58 г/л, түстік көрсеткіші-1,0; лейкоциттер-1,2х109/л, таяқшаядролылар-1, сегментті ядролылар-18, лимфоциттер- 81, ЭТЖ 35 мм/сағ. Сүйек кемігінде – май жасушалары басым.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал диагноз болып табылады?

1. Теміртапшылықты анемия

2. В12 -жетіспеушілікті анемия

3. Маркиафава-Микели ауруы

4. Апластикалық анемия

5. Минковский-Шоффар ауруы
72. Ер адам 56 жаста, айқын әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бауыры, көкбауыры пальпияланбайды. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,9х109 /л, Нb - 59 г/л, түстік кқрсеткіші - 0,45; анизоцитоз, пойкилоцитоз.

Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ тиімді қандай қосымша зерттеу жүргізуге болады?

1. Кумбс сынамасы

2. Шиллинг тесті

3. Сарысулық темір

4.Қандағы бос гемоглабин

5. А2гемоглобинінің фракциясын анықтау
73. 20 жасар ер адамды бел омыртқаның төменгі бөлігі қозғалысының шектелуі және тыныштықта жоғалмайтын, қимылдағанда жеңілдейтін ауыру сезімі мазалайды. Сонымен қатар кеуденің ауырсынуы мен сіресуі байқалады. Рентгенограммада: екі жақты сакроилеит симптомдары, синдесмофиттер, костовертебралды буындардың зақымданулары. СРБ- теріс мәнді.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған ЕҢ тиімді?

1. Солумедрол

2. Метотрексат

3. Диклофенак

4. D-пеницилламин

5. Циклофосфамид
74. 43 жасар әйелді кеуде торшасының ауыруы, ентігу, жұтынудың қиындауы, артралгиялар, бет пен қол ұштары терісінің тығыздалуы, шаштарының түсуі мазалайды. Қарап тексергенде: беті мимикасыз, ауыз айналасында радиалды қатпарлар, телеангиэктазиялар. Қол тырнақ бунақтарының деформациялары, терісінің тығыздануы, бұлшық еттерінің гипотрофиясы, шаштың түсуі. Жүрек шекаралары үлғайған, тондары бәсендеген, жүрек ұшында систолалық шу. Рентгенограммада: пневмосклероз белгілері.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

1. Ревматоидты артрит

2. Түйінді периартерит

3. Жүйелі қызыл жиегі

4. Жүйелі склеродермия

5. Дерматомиозит
75. 30 жастағы әйел қол саусақтары буындарындағы ауыру сезімі мен ісінуіне, таңертең буындарын қозғаудың қиындығына шағымданады. Қарағанда: екі қолдың II-IY проксималды бунақтараралық буындарының симметриялық дефигурациясы. Ауырсыну және экссудативті өзгерістер әсерінен көрсетілген буындардың қимылы әсіресе жазылуы шектелген. Қанда: эритроциттер - 4 млн., Нв-128 г/л, лейкоциттер - 9 мың., ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ айқын оң мәнді.

Қандай зерттеу жүргізу ЕҢтиімді?

1. Ревматоидты артрит

2. Түйінді периартерит

3. Жүйелі қызыл жиегі

4. Жүйелі склеродермия

5. Дерматомиозит
76. 35 жастағы ер адам, мамандығы - инженер, саяжайда араның шағуынан кейін тыныс алуының қиындағанын сезінген, беті ісінген, кеуде терісі қызарған, денесінде бөртпелер пайда болған. Тексеріп қарау кезінде: беттің ісінуі, айқын көрінген параорбиталды ісік, бүкіл денесінде күлдіреу тәрізді бөртпе, инспираторлық ентігу. Артериалдық қан қысымы - 90/60 мм.рт.ст.

Аталған жағдайда көрсетілген препараттардың қайсысын пайдалану ең тиімді болып табылады?

1. Супрастин

2. Дипроспан

3. Лоратадин

4. Преднизолон

5. Тиосульфат натрия
77. 36 жастағы ер адамныі гемограммасында өзгерiстер анықталды: лейкоциттер - 78х109/л, промиелоциттер - 3%, миелоциттер - 8%, метамиелоциттер - 12%, т/я - 21%, с/я - 41%, базофилдер - 3%, эозинофилдер - 6%, лимфоциттер - 6%, тромбоциттер - 784х109/л, Нв - 114 г/л; миелограммада: гиперклеткалық, миелокариоциттердің және мегакариоциттердiң құрамы жоғарлаған, гранулоцитарлық қатардың барлық элементтерi анықталды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Созылмалы миелолейкоз, бластық криз фазасында

2. Созылмалы миелолейкоз, созылмалы фазасында

3. Эссенциальді тромбоцитоопения

4. Идиопатиялық миелофиброз

5. Нағыз полицитемия
78. 30 жастағы еркек терісіндегі геморрагиялық бөртпелерге, буындағы ұшпалы ауыру сезімге шағымданады. Лабораторлық зерттеу кезінде: этанолондысынама ++, ПДФ-0,6 г/л, антитромбин III-75%, Виллебранд факторы 140% (қалыпты 100%).

Емдеу бағдарламасына төмендегі дәрілердің қайсысын қосу ЕҢ тиімді болады?

1. Преднизолон

2. Вольтарен

3. Колхицин

4. Димексид

5. Делагил
79. 26 жастағы еркек әлсіздік, қызыл иектен, мұрыннан қан кетуге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: мойын, қолтық асты лимфа түйiндерiнiң үлкеюi, шамалы спленомегалия анықталады.. Қанда: бласты жасушылар - 47%, сегмент ядролы лейкоциттер - 29%, лимфоциттер - 18%, моноциттер - 6%. Гликогенге цитохимиялық реакция оң.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Созылмалы лимфолейкоз

2. Жедел лимфолейкоз

3. Миелодиспластиялық синдром

4. Жедел лимфобласты емес лейкоз

5. Жедел дифференцияланбаған лейкоз
80. 34 жастағы әйел балтыр табан буындарының ауырсыну сезімін, ісінуін, балтырда майда нүктелi бөртпелердің пайда болуын байқаған. Қанда: тромбоциттер - 180х109/л, қан кету уақыты 4мин, қан ұйындысының ретракциясы өзгермеген, протромбин индексi - 90%, АЧТВ – 45 сек, фибриноген - 5 г/л. Зәрде: белок - 0, 05г/л, эритроциттер – 50 көру аймағында.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

2. Геморрагиялық васкулит

3. Рандю-Ослер ауруы

4. Виллебранд ауруы

5. Гемофилия
81. 30 жастағы еркек, жұмыс орнында кенеттен есiнен танды. Қасындағылардың айтуы бойынша инсулин алады. Объ-ті: Терiсі ылғалды. Бұлшық ет тонусы жоғарлаған. Қарашығы кеңейген, жарыққа әсер етпейді. Тiлі ылғалды, қызғылт. АҚ 125/80 мм.с.б. ЖСЖ 96рет мин.

Көрсетілген комалардың қайсысының дамуы ЕҢ мүмкін?

1. Бауырлық

2. Гиперосмолярлы

3. Кетоацидоздық

4. Лактацидемиялық

5. Гипогликемиялық
82. 37 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, тез шаршағыштықты байқады. Ауыру сезімі үш ай бойы мазалайды, осы уақытта ашушаңдық, жылауықтық пайда болып, 5 кг арықтады. Объективтi: жүдеу, тері гипергидрозы, қалқанша безі қарағанда байқалады. Қолдарында майда тремор, «телеграфт бағанасы» симптомдары анықталады. АҚ - 130/60 мм.с.б. ЖСЖ – 120 рет мин.

Диагнозды нақтылау үшін немен сынама жүргізу ЕҢ мәліметті?

1. Инсулин

2. Клофелин

3. Тиролиберин

4. Кортикотропин

5. Калий перхлораты
83. 25 жастағы қыз дене салмағының жоғарлауына, бас ауыруына, етеккір бұзылыстарына, бұлшық ет әлсіздігіне шағымданады. Анамнезінде: нейроинфекциямен ауырған. Қарап тексергенде: толық, іш және иық аймағында майдың жиналуы. Беті ай тәрізді, кеудесінде қою-қызыл стриялар, кеудесі ер адамдар типтес жүнді. АҚ 220/130 мм.с.б. Омыртқа тірегінің рентгенографиясы: «балық» омыртқалары. Гликемия - 8,2ммоль/л.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

1. Бромокриптин

2. Аминалон

3. Фуросемид

4. Метформин

5 Церебролизин
84. 49 жастағы ер адам ұйқышылдық, ентiгу, айқын iсiнуге шағымданады. Объективтi: тері жабындылары бозғылт, сарғыш, ұстап қарағанда салқын. Беті, аяқтары ісінген. Өкпеде әлсіреген везикулалық тыныс. Жүрек үндері әлсіреген. АҚ 90/60 мм.с.б. ЖСЖ - 55 рет мин. Зерттегенде: гипофиздің тиреотропты гормонының деңгейі 52 мкХБ/мл.

Қандай диагноздың болуы ЕҢ мүмкіні?

1. Ридел тиреоидиті

2. Эндемиялық жемсау

3. Жеделдеу тиреоидит

4. Біріншілік гипотиреоз

5. Диффузды токсикалық жемсау
85. Әйелде асқынған босанудан кейін құсу, жүрек айнуы, бұлшық ет әлсіздігі, диарея және психикалық бұзылыстар пайда болды. Объективтi: акроцианоз, аяқ қолдары салқын, гипотермия. АҚ 50/30 мм.с.б. Адренокортикотропты гормонмен сынама теріс.

Науқаста қандай синдром дамуы ЕҢ мүмкін?

1. Конн синдромы

2. Сомоджи синдромы

3. Иценко-Кушинг синдромы

4. Золлингер-Эллисон синдромы

5. Уотерхаус-Фридериксен синдромы
86. 18 жастағы қыз нейроинфекциядан кейiн шөлдеу, тәбеті мен, дене салмағаның жоғарлауын байқады. Қарап тексергенде: бойы - 160 см, салмағы 80 кг. Кеудесінде ал қызыл стриялар байқалады. АҚ 140/90 мм.с.б. Глюкозаға толеранттылық сынамасын жүргізу екі сағаттан кейін гликемияның 9,0 ммоль/л екенін көрсетті.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Гипотиреоидты семiру

2. Бүйрек үстi бездік семiру

3. Гипоталамиялық семiру

4. Екiншiлік қант диабеті

5. Алиментарлы-конституциялық семiру
87. 45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Реактивті артрит

2. Рейтер синдромы

3. Подагра

4. Псориаз

5 Ревматоидті полиартрит
88. 19 жастағы науқаста анасарка типті ісіну, олигурия, теріде уритикарлы бөртпе, қызба байқалады. Ауырғанына 3 ай болған. Зәрінде 3,3 г/л ақуыз, эритроциттер,қан анализінжде, мочевина 25 ммоль/л. АҚҚ 200/120 мм.с.б. Бүйрек биопсиясында-капиллярлар қабырғасы қалыңдаған, базальды мембрананың дистрофиясы.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Гломерулонефрит

2. Түйінді периартрит

3. Жүйелі қызыл жегі

4. Жүйелі склеродермия

5. Дерматомиозит.
89. 46 жасар ер кісі, іштің кернелу сезіміне, іштің томпаюына, белінің ауруына шағымданып келді, соңғы 1,5 жылда іш көлемінің ұлғаюын байқады. Анамнезінде – 10 жыл бойы алкогольді шамадан тыс пайдаланады. Оъбективті: тамақтануы төмен, мойнынд бірлі-жарым телеангиоэктазиялар, қасу іздері; ішітің көлемі қтты үлкейген, алдыңғы құрсақ қабырғасының көктамырлары кеңейген, бауырын пальпациялау мүмкін емес.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Бауыр циррозы

2. Бауыр эхинококкозы

3. Мезателиома

4. Созылмалы панкреатит

5. Бадд-Киари синдромы
90. 25 жастағы науқас айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен көрінген эпигастарльды аймақтағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде: асқазанның жара ауруы. Тері жабындары бозғылт.

ҚЖА:Нв–85г/л,Э–3,8х1012/л,ТК–0,8,тромбоциттер– 65,0х109/л,  ретикулоциттер – 0,5 %. билирубин – 15 мкмоль/л қан сары суындағы темір,– 4,5 ммоль/л. Грегерсена реакциясы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1. Апластикалық анемия

2. Гемолитикалық анемия

3. Жедел постгеморрагиялық анемия

4. Темір жетіспеушілік анемия

5. B12-жетіспеушіліканемия
91. 28 жастағы әйел адам, әлсіздікке, дімкәстікке, артралгияларға, жүрек қағысына шағымданады. 6 айдан бері субфебрильді температура бар. Пневмония, миокардиттен емделген. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Пульсі минутына 98 рет, оң жақта пульсация анықталмайды. Артериалды қан қысымы сол жақта 190/120 мм с.б.б., оң жақта анықталмайды. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 8,5х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Аортоартериит

2. Түйінді периартериит

3.Жүйелі қызыл жегі

4.Жүйелі склеродермия

5.Дерматомиозит
92. 35 жасар ер адам, бас ауруына, аяқ-қолдарының жансыздануына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруға, айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: аяқ-қолдарының парестезиясы. Тізе рефлекстері жоғарылаған. Артериальды қан қысымы 190/120 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті. Калий 3,1 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л, мочевина 5,6 ммоль/л.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Феохромоцитома

2. Гиперкортицизм

3. Қолқа коарктациясы

4. Гиперальдостеронизм

5. Бүйрек артерияларының стенозы
93. 63 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 170/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 68 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген

Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

1. Бисопролол

2. Амлодипин

3. Периндоприл

4. Индапамид

5. Лозартан
94. 35 жастағы әйел, ентігу, түнгі тұншығу ұстамасына, қан түкіруге, жүрек қағысына шағымданады. Қарап тексергенде: еріндері көгерген, беттері қызыл шыраймен. Аускультативті: шапалақтаушы I тон, өкпе артериясы тұсында II тонның акценті, екі жармалы қақпашаның шертіп ашылуы, жүрек ұшында диастолалық шу. ЭКГ: ырғағы дұрыс емес, электрлік осі қалыпты жағдайда, Р тісшесі жоқ, майда f толқындары, R-R интервалы 0,75-тен 0,45-ке дейін, R тісшесінің амплитудасы әртүрлі, P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.

Көрсетілген ақаулардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?

1. Қолқа кіре берісінің тарылуы

2. Екі жармалы қақпаша тесігінің тарылуы

3. Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

4. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

5. Жүрекше аралық перде дефекті
95. 35 жасар әйел, жүктілік мерзімі 31-32 апта, аяқтарындағы ісінуге, бетінің ісінуіне, бас ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: Аяқтарында ісіктер, бетінде ісіну бар. Жүректің соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1005, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, белок 1,33 г/л, гиалинді және дәнді цилиндрлер - 3.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?

1. Преэкламсия

2. HELLP-синдромы

3. Гломерулонефрит

4. Жүктілер ісінуі

5. Жүктілер пиелонефриті
96. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың ішінде қайсысын тағайындау дәйектемелі медицина ұстанымымен ЕҢ негізделген болып табылады?

1. Рабепрозол

2. Кларитромицин

3. Амоксициллин

4. Фамотидин

5. Алюминий фосфаты


97. Әйел 56 жаста жұтудың бұзылуына, кеудесінің төменгі үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне, құсуға шағымданады. Көрсетілген симптомдар 3 айдан бері мазалайды, жүдеген. Контрастты затпен өңешті рентгенологиялық зерттегенде контрасты барий қоспасыныңасқазанға өтуі бұзылған, өңеш кеңейген, асқазанның газдық қапшығы анықталмайды.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді емдеу әдісі қандай?

1. Кардиодилатация

2. Ниссен бойынша фундопликация

3. Ботулотоксинді интрамуральды енгізу

4. Консервативті ем

5. Эндоскопиялық резекция
98. Асқазан жарасы ЕҢ жиі қайда орналасады?

1. Кіші иінінде

2. Үлкен иінінде

3. Антрум

4. Кардия

5. Қақпақша


99. Ер адам 55 жаста, тамақ ішкеннен 1 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тұйық, әлсіз интенсивті, жиі ауру сезімі шыңында қыжылдау және жеңілдік әкелетін құсумен бірге жүреді. Терең пальпацияда эпигастрий аймағында әлсіз ауру сезімі анықталады.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?

1. Қақпақша стенозы

2. Созылмалы панкреатит

3. Асқазанның жара ауруы

4. Созылмалы атрофиялық гастрит

5. Асқазан рагі
100. 35 жастағы әйел, жедел ауырды, жақында жұмыртқа жеген. Қалтырау, қызба, кіндік тұсындағы кескендей ару сезімі, екі рет құсу, жиі ( 8 ретке дейін) іш өтуі, айқын әлсіздік бар. Бозарған, артериалдық қан қысымы – 100/70 мм.с.б.б., Жүректің соғу жиілігі – минутына 110 рет. Іші кіндік маңы аймағында әлсіз ауру сезімімен.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?

1. Жедел энтерит

2. Дизентерия

3. Тағамдық токсикоинфекция

4. Сальмонеллез

5. Холера
101. 58 жастағы ер кісіде ауру сезімсіз сарғаю пайда болды, содан кейін күңгірт түсті зәр, нәжісінің түссізденуі, терінің қышуы пайда болды. Объективті: Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырады. Бауыры 11-10-9 см, тығыз, ауырады. Қарап зерттегенде: бауырды ультрадыбысты тексергенде өт өзектерінің кеңеюі, бауырдың үлкеюін, 3,0х2,0 см өсінді анықтады. Жалпы қан анализінде: эозинофилдер 12%.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Өт-тас ауруы

2. Эхинококкты киста

3. Ұйқы асты безінің жаңа түзілісі

4.Стеноздаушы холангит

5. Фатеров емізікшесінің жаңа түзілісі
102. 48 жасар әйел адам, құсуға, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 37,50 дейі көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде емдәмді бұзу. Объективті: Кер нүктесінің ауырсынуы, бауыр өлшемдері 10-9-8 см. Қан анализі: лейкоциттер – 10,2х109г/л, жалпы қан билирубині – 25 мкмоль/л, АЛТ- 0,56..

Алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1.Созылмалы холецистит

2.Созылмалы вирусты гепатит

3.Созылмалы алкогольды гепатит

4.Ұйқы асты безі басының ісігі

5.Созылмалы панкреатит
103. 36 жасар ер кісі. Кезеңмен пайда болатын бет терісінің, қол ұшының, аяқ ұшының сарғаюына, жүрек айнуға, кекіруге, іш қатуына шағымданады. Анамнезінен: бала кезінен ауырады. Объективті: терісі бозғылт-сары түсті, қабақтың ксантелазмалары, склералары – қалыпты. Қанда жалпы билирубин – 40 мкмоль/л, тікелей емес билирубин – 40 мкмоль/л, аланинаминотрансфераза – 0,16 мкмоль/л, аспартатаминотрансфераза – 0,22 мкмоль/л.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Талассемия

2. Пигментті гепатоз

3. Созылмалы гепатит

4. Гемолитикалық анемия

5. Инфекционды мононуклеоз
104. 52 жасар ер адамда тауық жұмыртқасымен тамақ ішкеннен кейін қызба, улану, кіндік маңы аймағындағы ауру сезімі, шырышпен 8 ретке дейін сұйық нәжіс пайда болды.

Диагноз қою үшін бірінші орында жүргізетін ЕҢ тиімді диагностикалық зерттеу әдісі қайсысы?

1. Ирригоскопия

2. Нәжісті бактериологиялық себу

3. Жалпы қан талдауы

4. Ректороманоскопия

5. Тікелей гемагглютинация реакциясы
105. 53 жастағы ер адамды, жүрек айнуы, белдемелі іштегі ауру сезімі, тәулігіне 3-4 ретке дейінгі сұйық нәжіс, метеоризм, салмағының төмендеуі мазалайды. Копрологиялық зерттеуде полифекалия, крахмал +++, қорытылмаған бұлшық ет талшықтары ++, нейтральды май +++ табылды..

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Созылмалы панкреатит

2. Созылмалы энтерит

3. Созылмалы атрофиялық гастрит

4. Созылмалы дуоденит

5. Созылмалы вирусты гепатит
Педиатрия
106. Перзентханадағы нәрестелерді жаппай тексеру кезінде бір баланың доңғағынан альбумин анықталды. Осы баладан нені болжауға болады?

1. Фенилкетонурия

2. Гипотиреоз

3. Муковисцидоз

4. Лактазды жетіспеушілік

5. Целиакия


107. 6 күндік қыз бала. Бірінші жүктіліктен, жедел туыт. Туылғандағы салмағы 3100 грамм, бойы 51 см, 3-ші тәулікте кеуде мен іште қабыршақтану, сүт бездерінің екі жақты ісінуі, қынаптан қан кету байқалды. Іш жұмсақ. Нәжісі ботқа тәрізді, тәулігіне 6 ретке дейін. Биохимиялы қан анализінде: билирубин: тікелей емес -140 мкмоль\л, тікелей – жоқ.

Бұл симптоматика төменде көрсетілген қай патологияға ЕҢ лайықты?



1. Жаңа туылғандардың маститі

2. Гемолитикалық сарғаю

3. Жаңа туылғандардың физиологиялық диспепсиясы

4. Жыныстық криз

5. Жаңа туылғандардың улы эритемасы
108. Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинозия жүргізілді. 7 жастағы ұл бала. Анамнезінен: балада БЦЖ екпесінен соң келлоидты тыртықтар түзілген.

БЦЖ ревакциназиясына қатысты дәрігердің шарасы:

1. Күнтізбе бойынша егу

2. Медициналық әкету 6 айға дейін

3. Медициналық әкету 1 жасқа дейін

4. Ревакцинацияға жатпайды

5. Келлоидты тыртықтарды емдегеннен соң жатады
109. 1 айлық балаға патронаж кезінде сол жақ қолтық астында тығыз, ұлғайған, ауырсынусыз лимфо түйіні анықталды, пальпацияланған кезде флюктуация байқалады. Қалған лимфо түйіндерінің топтары ұлғаймаған. Күнтізбе бойынша егілген екпенің асқынуы қайсысы?

1. Келоидты тыртық

2. Везикулонекротикалық реакция

3. Регионарлы лимфоденит

4. Генерализденген БЦЖ-ит

5. Остеомиелит


110. 1,5 жастағы ұл бала. Шағымдары: терінің қышуы, терідегі бөртпелер. Объективті: терісі құрғақ, ұрттарының гиперемиясы, аяқ-қолдың, мойын, шап аймағының терісінің папула-везикулезді бөртпелері бар.

Осы балада қандай профилактикалық егудің тактикасын қолданған жөн?

1. Салыстырмалы медициналық қарсы көрсеткіш

2. Жеке күнтізбек бойынша

3. Абсолютті медициналық қарсы көрсеткіш

4. Уақытша медициналық қарсы көрсеткіш

5. Күнтізбек бойынша
111. Қыз бала 18 күндік. Өмірінің бірінші күндерінен көкжөтел сияқты тұрақты жөтел мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Қарап тексергенде: өкпе үстінде қысқаратын және тұйықталатын аймақтары бар перкуторлы дыбыстар естіледі, аускультативті- әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар екі жақтан. Үлкен дәреті көп мөлшерде, жағымсыз иісті, жылтыр түйіршіктері бар тұтқыр, тәулігіне 8 ретке дейін.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ болып табылады?

1. Кеуде торының рентгенограммасы

2.Тер электролиттері

3. Жалпы қан анализі

4. Қақырық микроскопиясы

5. Копрологиялық зерттеулер
112. Қыз бала, 2 апталық. Тамақ бергеннен кейін кішкене мөлшерлерде құса бастап, кейін фонтан тәрізді құсу пайда болды. Құсық массаларының көлемі алдыңғы емген сүт көлемінен асады. Объективті: ұйқышаң, терісі құрғақ, тіндер тургоры төмендеген, аяқ-қолдардың треморы байқалады, бұлшықеттік гипертония. Науқасты емізгенде асқазанның перистальтикасы байқалады. Кіші дәретке баруы сирек. Іші қатуға бейім.

Төменде аталған әдістердің қайсысы ЕҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ жүргізілуі тиіс?

1. Фиброгастродуоденоскопия

2. Рентгенологиялық зерттеу

3. Колоноскопия

4. Ішек флорасын зерттеу

5. Ультрадыбысты зерттеу
113. 5 күндік нәресте, жанұялық дәрігер бақылауына түсті. Перзентханада вирусты гепатитке қарсы және БЦЖ егулері жасалды.

Қанша уақыттан кейін БЦЖ жасалған жерде папула дамиды?

1. 1 апта

2. 2 апта

3. 3 апта

4. 4 апта

5. 5 апта
114. Ұл бала, 2 жаста. Дене қызуы көтерілген, ылғалды жөтелі бар. Анамнезінде жыл бойына 2-3 рет суық тиіп ауырған. Объективті: температура 37,50C, аңқада айқын емес катаральды өзгерістер, перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультативті қатаң тыныс, жөкпенің барлық алаңында жөтелгеннен кейін жойылатын көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар .

Төменде аталған алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?

1. Жедел бронхит

2. Обструктивті бронхит

3. Рецидивиртеуші бронхит

4. Бронхиолит

5.Созылмалы бронхит
115. Ұл бала, 14 жаста. Ылғалды жөтелге, субфебрильді температураға шағымданады. Анамнезінен: 4 жыл бойы ауырады. Қақырықты жөтелмен жылына 3 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде: физикалық дамуы шектелген, боз, тершең. Кеуде торшасы бүйірлерінен ысылған, астына қарай ашылған, “дабыл таяқшсы”, сағат әйнегі” симптомдары бар. Аускультативті: өкпесінде қатаң тыныс, әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.

Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?

1. Созылмалы бронхит

2. Альвеолит

3. Рецидивті бронхит

4. Жай бронхит

5. Бронхиолит
116. 3 айлық бала, 2 күн бойы ауырады. Ауруы катарльды құбылыстардан, жөтел, мұрыннан су ағудан басталған. Объективті: кеуде клеткасының шығыңқы жерлерінің кіруімен, мұрын қанатының кернелуімен, периоральды цианоз көрінеді. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, аускультативті тыныс алу және тыныс шығарудың ең басында байқалатын көптеген майда көпіршікті және крепитациялық сырылдар бар.

Диагнозды қою үшін қай әдіс ЕҢ ТИІМДІ болып саналады?

1. Тер хлоридтері

2. Флораға себінді

3. Қақырық анализі

4. Рентгенография

5. Пневмотахометрия
117. Балалардағы ингаляциялық кортикостероидтармен емдегенде ЕҢ жиі кезедесетін жанама әсері?

1. Артериальды гипертензия

2.Аяқ-қолдардың треморы

3. Остеопороз

4.Ауыз қуысының кандидозы

5. Иценко-Кушинг синдромы


118. 7 жастағы қыз бала. Ұстамалы құрғақ жөтелге шағымданады. 6 жасында алғашқы ұстама пайда болғаннан бері ауырады. Қарап-тексергенде: тынысы ысқырықты, тыныс шығаруы ұзарған.Тыныс жилігі 32 рет минутына. Өкпе үстінен перкуторлы қораптық дыбыс, аускультатвті көп мөлшерде өкпенің барлық аймағында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,3х1012\л, Нb - 118г\л, лейкоциттер - 5,8х109/л, таяқшаядролылар - 1%, сегментядролылар - 48%, эозинофилдер - 14%, лимфоциттер - 29%, моноциттер - 8%, ЭТЖ – 3 мм\сағ.

Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ маңызды?

1. Қақырықтың жалпы анализі

2. Спирография

3. Кеуде қуысының рентгенографиясы

4. Бронхоскопия

5.Белок және оның фракциялары
119. 13 жасар қыз бала. Күнделікті күндізгі уақыттағы тыныс алудың қиындау ұстамаларына, физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуіне шағымданады. Қарап-тексергенде: тынысы ысқырықты, алыстан естіледі, тыныс шығару ұзарған. Тыныс алу жиілігі 34 рет минутына. Өкпеде қораптық дыбыс, аукультативті көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды сырылдар өкпенің барлық аймағынан естіледі. Спирогаммада форсирленген тыныс алу көлемі 1 секундта -70%.

Төменде келтірілген препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді?

1. Аминофиллин 150мг тәулігіне

2. Беклометазон 100мкг 2 рет тәулігіне

3. Преднизолон 0,2мг\кг\тәулігіне пероральды

4. Сальбутамол 100мкг 1 мөлшер 4 рет тәулігіне

5. Теопэк 300мг 1 рет тәулігіне
120. 6 жастағы ұл балада тексеру кезінде анықталды: гайморит, бронхоэктаздар, ішкі мүшелердің айна тәрізді орналасуы.

Төменде көрсетілген қай патологияға айтылған симптоматика ЕҢ ТӘН болып келеді?

1. Муковисцидоз

2. Өкпе гемосидерозы

3. Гудпасчер синдромы

4. Картагенер синдромы

5. Хаммена-Рич синдромы
121. 4 айлық бала. Шағымдары: мазасыздық, ұйықтағанда шошу, шүйде шаштардың түсуі. Объективті: тері бозарған, таза, шүйде шаштарының түсуі, еңбек қырлары жұмсақ, босаған. Бұлшықет тонусы төмен, буындары ойнамалы. Іш "бақаныкіндей" , бауыр +2 см қабырға доғасынан асып тұр. Зәрі қышқыл иіспен.

Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

1. Хондродистрофия

2. Фосфат-диабет

3. Бүйректік тубулярлы ацидоз

4. де Тони-Дебре-Фанкони ауруы

5. Рахит
122. 3 айлық ер бала. Уақытында туылған, салмағы 3600 грамм, бойы 52 см. Емшек сүтімен қоректенеді. 1,5 айлығында қорқақшыл, ұйыктап жатып шошу, қолға алған кезде жылау пайда болған. Объективті: терісінде бөрітулер, ұзақ қызыл дермографизм .Үлкен еңбек 3х3 см,қырлары бостау Биохимиялық қан анализінде: Са++ - 2,28 ммоль/л

Берілетін Витамин Д дозасы қандай?

1. 500 МЕ

2. 1000 МЕ

3. 1500 МЕ

4. 2000 МЕ

5. 2500 МЕ
123. 2 жасар ер бала, себепсіз дене қызуының көтерілуіне, шөлдеу, тәуліктік зәрдің мөлшерінің көбеюіне шағымданады. Объетивті: физикалық даму жағынан қалуда, салмағы 9 кг, бойы 76 см, терісі құрғақ. Маңдай мен төбе төмпешіктері ұлғайған, қабырғада тасбиктер, кеуде клеткасы төменгі бөлікте бқрылған, аяқтарында вальгусты деформация. Іш үлкейген, бауыр қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Полидипсия, полиурия.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қойғанда маңыздырақ болады?

1. Қышқыл – сілтілік жағдай

2. Қандағы калий и натрий

3. Сулкович сынамасы

4. Зәрдегі фосфаттарды анықтау

5. Сілтілі фосфатазаны анықтау

124. 12 жастағы қыз. Эпигастрийдегі белдемелі ауру сезіміне шағымданады. 6 сағат бұрын ауырды. Жеңілдік әкелмейтін екі рет құсу болды. Объективті: терісі бозарған, тілі ақ өңезбен, температурасы 37,80C, іші кепкен, эпигастрийде кернелген. Ортнер симптомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауырады. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,8х1012/л, гемоглобин 120 г/л, лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 18 мм/час. Тазартқыш клизмадан кейін нәжісі майлы, тығыз.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1.Жедел гастрит

2.Жедел дуоденит

3. Жедел холецистит

4.Жедел аппендицит

5.Жедел панкреатит


125. 8 жасар ұл. Ішінде және оң қабырға астында қатты ұстама тәрізді ауруына, жүрек айну, қайталап құсуға шағымданады. Ауруы кенет түнде басталды. Объективті: терісі бозарған, шырыштары құрғақ, тілі ақ өңезбен. Іші аздап кепкен, кернелген. Кер, Мендель, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. Нәжісі 3 күн бойы жоқ. Жалпы қан анализінде: эритроциттер-3,9х109л, Нb-125г/л, лейкоциттер-11,5х109/л, ЭТЖ–25 мм/сағ. Ультрадыбыстық зерттеу: өт қабының қабырғасы 3 см көп.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Гастрит

2. Холецистит

3. Панкреатит

4. Аппендицит

5. Геморрагиялық васкулит
126. 11 жасар қыз. Сол иыққа берілетін эпигастрийдегі ауруына, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Объективті: беттің қызаруы, тілі өңезделген, температурасы 380C, пульсі минутына 90 рет. Іші кепкен, кернелген. Керт, Френкель симптомдары оң. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,8х1012/л, Нb 120г/л, лейкоциттер 12,8х109/л, ЭТЖ 26 мм/сағ. Рентгенологияда: 12 елі ішек ілмектерінің айналуы, дуоденостаз.

Аталған көрсеткіштердің ішінде бұл ауру кезінде ЕҢ арнайы болып табылатын қайсысы?

1. Трансаминаза
2. Липаза
3. Қант
4. Трипсин

5. Амилаза

127. 10 жастағы қыз. Оң қабырға астында және кіндік аймағындағы қысқа мерзімді ауру ұстамаларына, майлы тағам ішкенде күшеетін жүрек айну, ұйқының бұзылуы,ашушаң болуына шағымданады. Объективті: терең пальпацияда қабырға доғасымен тік бұлшықеттің оң қыры қиылысқан жерінде ауру сезімі. Фракционды дуоденальді зондылау: «В»порция көлемінің азаюы, өттің ағу жылдамдығы ұзарған.

Аталған зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасалатыны қайсысы?

1. Компьютерлік томография

2. Холецистография

3. Тепловизионды зерттеу

4. Ультрадыбысты зерттеу

5. Радионуклидты холесцинтиграфия


128. Альпорт синдромына ЕҢ тән клиникалық симптом қайсысы?

1. Сүйек сынғыштығы

2. Құлақ мүкістігі

3. Артериалды гипертензия

4. Бұлшық ет гипотониясы

5. Маймақтық


129. 9 жастағы қыз, температурасының 390С дейін көтерілуіне, зәр шығару шаншып аурумен болуына шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Анамнезінде: ЖРВИ-мен жиі ауырады. Қарап тексергенде: боз, қабақтары ісінген, көз астында «көлеңкелер» бар. Ұрғылау симптомы екі жағында да оң. Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 15,4х109л, ЭТЖ 36 мм/сағ. Жалпы зәр талдауында: меншікті салмағы 1015, белок 0,047 г/л, лейкоциттер 10-12 көру алаңында, шырыш +.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Цистит

2. Пиелонефрит

3. Гломерулонефрит

4.Зәр тас ауруы

5.Тұқым қуалаушы нефрит


130. Ұл бала 4 жаста, кенеттен мазасызданып, қыңырланды, ұйқысы бұзылып, кіндік аймағында ауру сезімі пайда болды, бірнеше құсқан. Қарап тексергенде: пульсі минутына 100 рет, температурасы 380С. Бала аз қозғалады, оң бүйірімен, аяқтары ішіне тартылған қалыпта жатыр, Іштің оң жақ төменгі бөлігінде бұлшық ет күші пассивті, Щеткина-Блюмберга симптомы оң. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 3,7х1012/л, гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 15х109/л ЭТЖ 35 мм/сағ. Нәжісі сұйық шырышпен.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Жедел гастрит

2.Жедел аппендицит

3. Дизентерия

4. Вирусты гепатит

5.Жедел панкреатит


131. 9 жастағы қыз бала. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, тершеңдікке шағымданады. Жиі тұмауратып ауырады. Қарап-тексергенде: тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Пульсі 95 рет минутына. Жүрек тондары анық, жүрек ұшында систоликалық шу. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,6х1012/л, гемоглобин 95 г/л, лейкоциттер 6,6х109/л, ретикулоциттер 15%, ЭТЖ 15 мм/сағ.

Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ бірінші кезекте жүргізіледі?

1. Темір препараттары

2. Пиридоксин препараттары

3. Цианокобаламин препараттары

4. Фолий қышқылы пепараттары

5. Глюкокортикостероидты препараттар
132. 8 жастағы ұл баланың оң тізе буынында гематома бар. Қарап-тексергенде: гематома аймағы кернелген және ауру сезімді. Анамнезінде тістердің экстракциясынан кейін қан кету байқалған. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,0х 1012, гемоглобин 90 г/л, анизоцитоз, пойкилоцитоз, лейкоциттер 9,5х109л, нейтрофилдер 49%, лимфоциттер 39%, моноциттер 8,5%, эозинофилдер3%, базофилдер 0,5%, ЭТЖ 10 мм/сағ.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?

1. Лейкоз

2. Гемофилия

3. Жұмсақ тіндердің жаншылуы

4. Геморрагиялық васкулит

5. Тромбоцитопениялық пурпура
133. 10 жастағы қыз бала. Таңертеңгі уақыттағы аяқ буындарынын ауруы,дене қызуының жоғарлауы,әлзіздік.Қарап-тексергенде:дене қызуы 38,5*С, оң аяқ буыны деформацияланған, ісінген.Жүрек тондары тұйықталған.Жалпы қан анализінде: лейкоциттер 9,1х109/л, ЭТЖ 35 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок 55 ммоль/л, СРБ+++. Буындардың рентгенограммасында: жайылмалы остеопороз, айқын сүйек-шеміршектік деструкция.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Реактивты артрит

2. Ювенильдіревматоидты артрит

3. Ревматикалық қызба

4. Жүйелі қызыл жегі

5. Бруцеллез
134. 8 жасар қыз. Созылмалы ревматикалық ауру бойынша «Д» бақылауда тұрады. Объективті: жүректің оң шекарасы төстің оң жағымен, жоғарғы - III қабырға, сол – v қабырғааралықта бұғана ортаңғы сызықтан 2 см сыртқа қарай. Тондары тұйықталған, төс бойымен диастолалық шу. Электрокардиограмма: ритмі синусты минутына 90 рет, осі горизонтальді, I, II, avl, V5, V6 әкетулерінде QRS комплексінің жоғары вольтажы. Фонокардиография: диастолалық, лента тәрізді шу.

Төменде көрсетілген ақаулардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

2. Қолқа кіреберісінің тарылуы

3. Екі жармалы қақпашаның тарылуы

4. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

5. Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
135. Мектептегі мұғалім 12 жасар 5 кластың оқушысы оқу озаты қозғыш, несоброной болып кетуіне назар аударды. Қыздың жазуы өзгеріп, еңбек сабағында тапсырмаларды нашар орындай бастады. Объективті: бет бұлшықеттерінің, қолдарының күштеп еріксіз қозғалыстары анықталды, жүректің соғу жиілігі минутына 100 соққы. Жүрек тондары тұйықталған. Жалпы қан анализі: эритроциттер - 3,8х1012/л, гемоглобин – 120 г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ - 25 мм/сағ.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Невроз

2. Хорея


3. Истерия

4. Психоз

5. Ми ісігі
136. 8 жасар ұл бала. Шағымдары: жүрек тұсындағы, тізе буындарындағы ауру сезімі, ентігу, жүректің қағуы, температураның жоғарлауы. Объективті: еріннің, бетің, аяқ-қолдарының цианозы, мойын веналарының пульсациясы. Дене температурасы 390С, пульс минутына 100 рет. Жүрек шекаралары: оң - төстің оң қырынан 2 см, жоғарғы - III қабырға, сол – v қабырғааралықта бұғана ортаңғы сызықтан 2 см сыртқа қарай. Жүрек тондары тұйықталған, оң қолтық асты аймағына берілетін төстің төменгі бөлігінің үстінен систолалық шу.

Төменде көрсетілген зерттеулердің ішінен ЕҢ ақпаратты қайсысы?

1. Жалпы белок және фракциялары

2. Серомукоид

3. Сиал сынамасы
4. Антистрептолизин-О
5. Жалпы қан анализі
137. 3 жасар ұл бала. Мазасыздыққа, іштің ауруына, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезінде 3 ай бойы 3-4 күндей үлкен дәретінің болмауы. Дефекация кезінде ұзақ кернеледі, іш киімінде нәжіс іздері қалады. Үш аптада бір рет көп мөлшерде сұйықталған нәжіс, кейде нәжіспен бірге қызыл қан бөлінеді. Қарап-тексергенде: іші үрленген, іштің оң жақ төменгі бөлігінде ішек бойымен тығыздалу байқалады. Жалпы қан анализінде: эритроциттер3,8х1012/л, гемоглобин 110г/л, лейкоциттер 5,5х109/л, ЭТЖ 18мм /сағ.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет