1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет2/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана

Сенімхат - бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.

  • Талап қою мерзімі – тұлға (адам) құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі

  • Ортақ үлесті меншік, яғни ортақ үлестік меншік құғындағы меншік иелерінің әрқайсысының үлестері анықталған ортақ меншік түрі.

  • Ортақ бірлескен меншік, яғни қатысушылардың үлестері белгіленбеген ортақ меншік.

  • Міндеттемелік құқық – бұл мүлікті берумен, жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты туындайтын міндеттемелік қатынастарды ретейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.

  • Шарт - бұл екі немесе одан да көп тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі

  • Жария оферта-шарттың барлық елеулі ережелерін қамтитын ,ұсыныс жасаушы тұлғаның кез келген хабар алушымен ұсыныста көрсетілген жағдайларада шарт жасасу еркі көрінетін ұсыныс.

  • Акцепт – бұл оферта жолданған тараптың оны толығымен және бұлтарыссыз қабылдауы туралы жауабы.

  • Моральдық зиян – бұл тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің және құқықтарының бұзылуы, кішіреюі, жойылуы және тұлғаның өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан физикалық және рухани күйзеліске түсуі.

  • Авторлық құқық- шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындылары.

  • Сабақтас құқық субъектiлерi - орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары.

  • Лицензиялық шарт - интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немссе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет