1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Сатып алу, сату шартының түрлері



бет58/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана

4. Сатып алу, сату шартының түрлері.
Сатып алу, сату шартының түрлері:

  1. Бөлшектеп сатып алу, сату (445 б).

  2. Тауарлар жеткізілімі (458 б).

  3. Энергиямен қамтамасыз ету (482 б).

  4. Контрактакция шарты (478 б).

  5. Кәсіпорынды сату (493).

Болшектеп сатып алу, сату шартының ұғымы.
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу, сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді.
Бөлшектеп сатып алу, сату шарты – жария шарт.
Тауар жеткізілімі шартының ұғымы. Кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй-ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілімі шарты-екі жақты, консенсуалды ақылы шарт.
Бұл шарт сатып алу, сату шартының бір түріне жататындықтан сатып алудың ережелері қолданылады.
Тауар жеткізілімі мен сатып алу, сату шартының айырмашылығы мынада:

  • тауар жеткізілімнің мақсаты: кәсіпкерлік қызмет;

  • тауар жеткізілімнің тараптары: кәсіпкерлер;

  • тауар жеткізілімнің шартының заты ретінде құнды қағаздарды, қозғалмайтын мүлікті, мүліктік құқықтарды пайдалануға болмайды;

  • тауар жеткізілімнің ерекше белгісі – мерзім.

Энергиямен жабдықтау шарты. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға (абонентке) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланған және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланған аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Бұл шарт – консенсуалды, екі жақты, ақылы шарт.
Шарттың тараптары: азаматтар және заңды тұлғалар.
Шарттың заты – электр немесе жылу энергиясы.
Шарттың бағасы – тарифтерде белгіленіледі.
Әр тарап шарттан кез-келген уақытта бас тарта алады.
Кәсіпорынды сату шарты – 493-500 баптарда көрсетілген.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Сатып алу, сату шартының ұғымы.


2.Шарттың мазмұны.
3.Шарт тараптары, олардың жауапкершілігі.
4.Сатып алу, сату шартының түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет