1. негізгі бөлім. 11 Мыс зауытында күкірт қЫШҚылын өндіруге арналған шикізаты 11


Бақылау және реттеу жүйесінің қысқаша сипатамасы



бет8/22
Дата14.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Шаршеналиев диплом
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги

2.1 Бақылау және реттеу жүйесінің қысқаша сипатамасы


Қазіргі кезде контактілік бөлімінің технологиялық процесін басқару практикасы барлық күкірт қышқылы өндірісі сияқты келесіге әкеледі.


Тәжірибелер мен шаралар негізінде ішкешендерді басқару бойынша технологтар нақты өндірістік жағдайлар қажетті кондициялық көрсеткіштері
бар өнімдерді шығару бойынша жоспарлық талаптарды ескеріп, процестердің бөлшектік технологиялық режімдерін таңдайды. Таңдалған режім автоматты реттеу және қолдан басқарудың реттейтін органдарының жергілікті жүйелері көмегімен бөліктеп жүзеге асырылады. Технолгиялық процестің кейбір айнымалыларына байланысты қызмет ететін персоналға берілген режімді сақтау мақсатымен түрлі ауытқуларды болдырмай, технологиялық операцияларға белсенді әсер ету керек болады. Күкірт қышқылын өндіру бойынша ЖМЗ-дағы технологиялық процестерді бақылау және реттеу жүйесі Гидроцветмет және Уралпрохим интституттарының автоматандыру бөлімдерінің жобаларына сәйкес орындалған.
Шлюберже фирмасының ДЭЕМ негізіндегі автоматтандыру температураны және контактілік аппаратарының әрбір қабатына дейін және кейін, қысымдауышқа дейін және кейін, жылуалмастырғыштың құбырлы кеңістігінің кірісі мен шығысындағы газ қысымын, газ шығындарын және онда SO2-нің контактілік аппараттары бойында және газ өткізгіштің кейбір нүктелерінде болуын қадағалайды. Қысымдауыштар үшін подшипниктер және берілетін кернеу мен тоқтың электрқозғауыштары орамдарының сигнализациясы мен бақылауы қарастырылған. Автоматтандыру жобасында суық ауаның байпасының дроссильдеріне әсер ету арқылы контактілік аппаратының барлық төртқабатына түсетін газ температурасын автоматты түрде реттеу қарастырылған. Қазіргі кезде контактілік аппаратының кірісінде (бірінші қабаттың алдында) газ температурасын реттеу жүзеге асырылған, ал, барлық қалған параметрлері ЦПУ, СХУ орындарына орнатылған құралдар көрсеткіштері бойынша ғана бақыланады. ДЭЕМ-ге газ шығындары және SO2 концентрациясы жайлы
ақпарат беріледі.

2.2 Тарамдалған ішкешеніннің басқару мәселесінің құрылымын анықтау


Мақсаттарды құрылымдандыру және есептердің құрамын, олардың арасындағы байланыс сипаттарын таңдауға байланысты басқару мәселерін құрылымдандыру сатысы ТПАБЖ жүйетехникалық талдауының негізгі және маңызды сұрақтарының бірі болып табылады. Бұл сатының мәселесінің табысты шешімінің басқару жүйесінің үлестік құрылымын таңдауды және оның элементтерінің оптималды әрекеттестігін қамтамасыз етеді. Басқару мәселерін құрылымдандыруды тарамдалған ішкешен арқылы шешу үшін әдебиетте ұсынылған келесі сатылардан тұратын келісті қолданамыз:


- ішкешен арқылы басқарудың ауқымды мақсаттарын таңдау;
- басқару жүйесінің алғашқы құрылымын қалыптастыру;
- басқару нысанның құрылымын талдау және бөліп көрсету;
- басқару мақсаттарын құрылымдандыру;
- критерийлерді таңдау және басқару мәселелерін деңгейлер бойынша математикалық қойылымдандыру.



Металлургиялық өндірістің күкіртті газдардың шығындауы осы технологиялық ішкешеннің жұмысын анықтайтын негізгі техника- экономикалық көрсеткіштер болып табылады. Сол себепті, ішкешенмен басқарудың ауқымды мақсаты - толығымен қолданылатын металлургиялық газдарды таратудың оптималды режімін анықтау және жүзеге асыру. Жоғарыда айтылған технологияның, практикада қалыптасқан газ жолдарын басқару және өндірістік-технологиялық талдаудың баяндалуынан нысанның екідеңгейлі иерархиялық құрылымын келесі деңгейлерді бөліп көрсете отырып анықтайық:


- ішкешен;
- агрегат (контактілік аппараты).
Қарастырылып отырған басқару нысаны кең жиіліктік спектрлі сыртқы әсерлерге шалынуы мүмкін. Конверторлық бөліктің агрегаттарының дискретті-үздіксіз сипаты ішкешенді тиімді басқарудың қажеттігін тудырады, ал, тікелей цифрлық басқару жүйелерін қолданатын технологиялар айнымалардың орнықтылығы үздіксіз орындалады. Мұндай басқару жүйесінде қажетті координацияның болмауы агрегаттар жұмысының ырғағының бұзылуына, технологиялық процестердің берілген режімдердің ауытқуына әкеледі. Нысанның көрсетілген ерекшеліктерін ескере отырып, тарамдалған ішкешендермен басқарылатын жүйелердің құрылымын басқарудың екідеңгейлі құрылымын пайдаланып, иерархиялық жүйе класында көрсетейік. Қарастырылып отырған жүйенің жоғарғы деңгейінде - газдардыңоптималды мәселесі, төменгі деңгейінде - контактілік аппараттары бойында газдың оптималды таралымын бақылау және орнықтыру мәселелері шешіледі. Басқару мақсатарының құрылымын талдауға кірісейік. Газдардың таралу ішкешендерінің таралу мақсатын келесі жолмен қалыптастырайық:контактілік аппараттары бойында газдың оптималды таралымын БА жылу режімдерінің бағасын және ағымдағы шығындардың мәндерін ескере отырып қамтамасыз ету. Төменгі деңгейдің басқару мақсаты былайша қалыптасады: контактілік аппараттарға оптималды шығындарды жұмсау. Құнартқыш таратушы ішкешеннің қанағаттандыратын технология режімін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі күкірт қышқылы және металлургия өндірістің газ жүктемесі бойынша келісушілігі болып табылады. Сол себепті, жүйенің жоғарғы деңгейінде басқару критерийі F ретінде SO2 газын тұтынушылардың өнімділігінен SO2 газ көздері өнімділігінің ауытқуы қабылданады.
SO2 газ көздері өнімділігінің қосындысы;
- SO2 газын тұтынушылардың өнімділігі.
SO2 газ көздері өнімділігінің қосындысы мынаған тең:
мұндағы Qn, Cn - электрлік пеш газдарындағы nСQ (1,2) , конверторлық газдарда nСQ (3,6) және күкіртті жағушы бөлімдегі газдардағы SO2 шығыны және концентрациясы. SO2 газын тұтынушылардың өнімділігі былайша анықталады:

Q QJ C jM j ,


мұндағы Qj, Cj - сәйкесінше j-ші контактілік аппаратының кірісіндегі SO2 шығыны және концентрациясы; εj - j-ші контактілік аппаратындағы SO2-нің SO3-ке тотығу дәрежесі. Ішкешенмен басқару мәселесінің мазмұнды қойылымы төмендегі жолмен қалыптастырады: контактілік аппараттары үшін газ шығынына, автотермиялылық коэффициентіне, БА қабатының шығысындағы температураға, қысымдауыштың қысымына қойылған шектеулерде басқарудың таңдалған критерийлерін минимизациялайтын жүктемелерді табу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет