20. Дизуриялық синдромы бар науқастарды сұрау және тексеру
Дизуриялық синдромға поллакиурия (жиі зәр шығару) мен странгурияны (зәр шығару кезінде ауырсыну) жатқызуға болады. Бүйрек қызметі бұзылған кезде поллакиурия мен никтурияның үнемі кездесуі бүйректің концентрациялық қабілеті төмендегенін көрсетеді. Зәр шығару жиілігі су мен тамақ ішу режиміне байланысты және ол сау адамдыкінен өзгеше болады, түнгі уақытта зәр шығару жиілеуіне мән беру керек. Пиелонефрит кезінде науқас жиі және аз мөлшерде зәр шығарады, ол зәр шығарудың нервтік рефлекторлық бүзылыстары мен зәр шығару жолдары дискинезиясы нәтижесі болуы мүмкін, немесе уротелий жағдайы мен зәр сапасына байланысты болады. Егер поллакиурия ащу, күйдіру сезімімен, іштің төменгі бөлігі ауыруымен, зәрді толық шығармаған сезіммен қатар жүрсе- ол қуық зақымдану белгілері барын көрсетеді. Дизурия әсіресе қуық , қуық асты безі аурулары, тұз диатезі үстіне пайда болған екіншілік пиелонефритке тән, ал оның белгілері пайда болуы екіншілік пиелонефриттің өршу кезеңінің алдында кезігеді.
Біріншілік пиелонефрит кезінде дизурия азырақ кездеседі- мөлшермен 50 % науқастарда. Екіншілік пиелонефритте 70 % науқастарда кездеседі.
Никтурия -бұл түнде зәрдің көбеюі, организмде негативті процесстердің болып жатқанының белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдай патологиялық деп саналады, егер адам түнде дәретке 2 ретттен артық ұзақ уақыт бойы (күндер, апталар және т. б) тұратын болса. Бұл зәр шығару бұзылыстары көбіне ер адамдарда кездеседі.
Қалыпты жағдайда күндізгі зәр шығару түнгі диурезге (зәр көлемі) қарағанда басымырақ болады. Ара қатынас 3:1. Адамның күні бойы ішкен сұйықтығы мөлшері адам шығаратын зәр мөлшеріне тең болу керек.
Симптомдары:
- зәр шығарғанда ауырсыну
- іштің төменгі аймағының ауыруы
- нетипичное выделение мочи
Достарыңызбен бөлісу: |