1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет1/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия


1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру.

Сұрастыру. Негізгі шағымдары жəне олардың пайда болу механизмі, құрғақ жəне қақырықты жөтел, интенсивті немесе əлсіз, үнемі немесе ұстама тəрізді жөтелдер, пайда болу уақыты, пайда болу жағдайы жəне жөтелді тоқтату түрі. Қақырық, пайда болу уақыты, түрі, түсі, мөлшері, консистенциясы, иісі, қан араласуы. Қан түкіру, өкпеден қан кету. Кеуде тұсының ауырсынуы-үдемелігі, сипаты, таралуы, жөтелмен жəне тыныс алумен байланысы. Демікпе – сипаты, пайда болуы, ұзақтығы. Демікпенің түрлері. Қызу көтерілуі, терлеу, қалтырау. Температуралық қисықтың түрлері. Дауыс өзгерісі. Дыбыс шықпай қалуы (афония), дауыстың қарлығуы. Мұрынмен дем алудың бұзылуы. Диагностикалық мəні. Қарап тексеру. Науқастың мəжбүрлік қалпы. Тыныс алу түрлері: мұрынмен, ауызбен, еркін жəне қиналып дем алу. Орталық көгеру, оның патогенезі.Кеуде пішіні: нормостениялық, астениялық, гиперстениялық. Кеуденің патологиялық пішіндері (эмфиземалық, паралитикалық, рахиттік, шөлмектəрізді, «ладья» тəрізді). Бұғанаасты жəне бұғанаүсті шұңқырларының айқындылығы. Кеуденің симметриялығы (томпайып шығып тұру, ішке қарай кіріп тұру, бір жаққа қарай қисаю). Омыртқаның қисаюы: лордоз, кифоз, сколиоз, кифосколиоз.

ӨКПЕ ТІНІНІҢ ТЫҒЫЗДАЛУ СИНДРОМЫ Өкпе тінінің инфильтрациясы ( ішке ену ) деп қышқыл элемент тердің , сұйықтардың өкпе тінінде жиналуымен сипатталатын пато логиялық жағдайды атайды . Тығыздалу синдромы пневмонияларда , өкпе туберкулезінде , өкпенің аллергиялық зақымдануында ( эозинофильдік инфильтрат ) , өкпенің лейкоздар және жүйелі қызыл жегі кезінде зақымдануында жиі кездеседі . Бұл синдромның клиникалық белгілері ең алдымен осы син дромды туғызған ауру түрімен , қабыну үдерісі өршігендігімен , оның көлемімен , орналасуымен және асқынуымен тікелей байланысты . Бүл синдромның негізгі шағымдарына жөтелу , ентігу және кей кезде қан түкіру жатады . Инфильтрация ошағы плевраға жақын орналас қан жағдайда ауыру сезімі пайда болады . Қосымша шағымдар ара сында ең жиі кездесетіні – дене қызуының көтерілуі , яғни калты рау , әлсіздік , терлегіштік , бастың ауруы . Жотел өкпе инфильтрация сының даму кезеңімен , бронхтардагы жоне өкпе қабындағы айқын өзгерістермен байланысты болады . Өкпенің қабынуының алғашқы кезеңінде қүрғақ жөтел байқалады . Кейін аз да болса қақырық бөліне бастайды , орі қарай альвеолаларда жалқақ пайда болғандықтан жоне бронх ішіндегі инфильтраттың гиперсекрециясымен байланысты жо тел ылғалды болып өзгереді . Өкпе қабынуында қақырық шырышты іріңді немесе темір тотығы түсті ( крупозды пневмония ) болуы мүмкін . Өкпе тінінің ыдырауында ( деструкция ) , өкпе рагі және туберкулез кезінде қан кетуі мүмкін . Ірі және жайылмалы өкпелік инфильтраттарда ентігу жиі кез деседі .
Көзбен қарап тексергенде , тыныстың жиіленуі ( тахипное ) , сол сияқ ты кеуденің өкпе инфильтрациясы пайда болған бөлігін сау бөлігімен салыстырғанда , тыныс алу актісінде кейін қалуы байқалады . Өкпелік инфильтрат үстінен дыбыс жақсы өтеді , сондықтан да оның үстінен пальпация жасағанда дыбыс дірілінің күшейгенін анық тауға болады . Қабыну инфильтрациясының бірінші сатысында , өкпедегі ауа азаюымен қатар оның серпімділігі де төмендеуі нәти жесінде өкпенің анық перкуторлы дыбысы тұйықталған тимпани калық дыбысқа өзгереді . Кейін , ауаның орнын сұйықтық басқанда , перкуторлы дыбыс пайда болады . Қабынудың бастапқы кезеңінде , яғни өкпенің ісінуі кезінде везикулярлы тыныс әлсіз естіледі . Өкпе қабынуы айқын дамыған сатысында , яғни альвеолалар жалқықпен толған кезде везикулярлы тыныс жойылып , оның орнына брон Хиалды тыныс пайда болады . Өкпенің қабыну инфильтрациясының үстінен ылғалды сырыл дар , сықырлар және бронхофонияның күшеюін табуға болады . Өкпе инфильтрациясына ең тән белгі – ол жақсы естілетін ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар . Олар қабыну үдерісінде ұсақ бронхтардың , брон хиолардың зақымдануы нәтижесінде пайда болады . Сықырлау альвеолалардағы жалқыққа байланысты дамиды . Ол өкпе қабыну үдерісінің бірден - бір белгісі болып саналады . Құрал - саймандармен тексеру әдістерінің ішінде ең маңыздысы рентгеноскопия , рентгенография және спирография әдістері . Қабыну инфильтрациясында өкпенің қараюы , ошағының пішіні біркелкі болмайды .

Өкпе көлеңкесінің қарқындылығы жай ғана болғанымен , зақым данған жақтан өкпе түбірінің кеңеюі байқалады . Спирография әдісімен альвеолалық вентиляцияның бүзылуы ның рестриктивті түрі анықталады , бұл кезде өкпенің өмірлік сыйым дылығы және өкпенің максимальды вентиляциясы ( ӨМВ ) азаяды . Бронхыларды кеңейтетін дәрілермен сынама жасағанда , теріс өзге рістер пайда болады .





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет