Байланысты: 1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org
33. Меңгеру – үйрену іс-әрекетінің басты буыны. •Меңгерудің маңызды сипаттамасы – оның басқарылуында. Меңгеруді басқару ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасу жолы бойынша іске асырылуы мүмкін; ол «классикалық» жолмен, бағдарламаланған немесе проблемалық оқыту арқылы жүзеге аса алады
Меңгеру – тарихи жолмен қалыптасқан қабілеттің, мінез-құлықтың, білім мен іскерліктің қоғамда жинақталған түрлерінің индивидте индивидуалды – субъективті іс-әрекет формасына айналу процесі. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасының дамуының негізі болып табылады.
Меңгерудің негізгі формалары:
• Тікелей-эмоционалдық қарым-қатынас;
• Заттық-манипуляциялық әрекет;
• Ойын әрекеті;
• Қоғамдық-пайдалы іс-әрекет;
• Оқу іс-әрекеті;
• Еңбек әрекеті.
Меңгерудің негізгі компоненттері:
• Қабілетті, білімді адамның іскерлігі мен дағдысын іске асыратын мәдени құралдар;
• Тапсырма түрлерінің оны меңгеру формаларына сәйкестігі;
• Мәдени салада іске асырылатын тәжірибелік, танымдық, адекватты әрекеттер.
Оқыту теорияларында жеке үдеріс немесе үйренумен теңестірілуде болса да, негізгі түсінік меңгеру болып саналады (үйрену, оқу әрекеті).
Ең жалпы түрде меңгеру алынған білімдерді қабылдау, мағыналық өңдеу, сақтау және оларды практикалық және теоретикалық міндеттерді орындаудың жаңа жағдайларында пайдалану, яғни осы білімдерді, олардың негізінде жаңа міндеттерді орындай алу іскерлігі формасында пайдалану ретінде анықталады. С.Л. Рубинштейн анықтамасы бойынша, «білімдерді берік меңгеру процесі – оқыту процесінің орталық бөлігі. Бұл психологиялық өте күрделі процесс. Оның еске және есте сақтау беріктігіне ешқандай қатысы жоқ. Оған материалды қабылдау, оның мәнділігі, оны есте сақтау және игеру қосылады, яғни мұнда оны кез-келген жағдайда еркін пайдалануға, түрліше қолдануға мүмкіндік беретін игеру болып табылады» [194, 2 т., 84 б.].
Меңгерудің осы анықтамасына Дж. Брунердің түсіндірмесі жақынырақ. Ол игеруді бір үш мезгілде жүретін процестер ретінде қарастырады: жаңа ақпаратты алу; қайта құрастыру; ақпаратты міндетті орындауға бейімдеу және тексеру, бақылау [34, 370-371б.]. Дж. Брунер елеулі мөлшерде меңгеру мен оқу іс-әрекетін теңестірсе де, осы процестің күрделігі мен фазалығын атап көрсеткені айқы