1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


-билет.Тәрбие психологиясы жеке адамды қалыптастырушы фактор ретінде



бет35/57
Дата08.12.2023
өлшемі375,48 Kb.
#195604
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

53-билет.Тәрбие психологиясы жеке адамды қалыптастырушы фактор ретінде:
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Әлеуметтік дамудың негізі бұл-тәрбие.Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Барлық балалар тәрбиелiк-бiлiм беру мекемелерiнен өтедi, ол мекемелер педагогикалық процестi сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетiн нәтижелі ұйымдастырады, өйткенi ол жеке тұлғаның дамуының шешушi шарты болып табылады.Тәрбиенiң оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшiн қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигi К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешiнiң ерекше орны туралы былай деген: “Тәрбиешi тұлғасының жас жанға әсерi оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесiмен де алмастыруға болмайтын тәрбиелiк күштi құрайды”.
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгерiп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет