Байланысты: 1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org
2. Оқу-тәрбие үдерісінің ұтымды нәтижесін қамтамасыз ететіндей шебер педагог бойында қандай кәсіби мәнді сапалар болуы қажет? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдаяттарға байланысты, бірақ солар арасында соңғы кездердегі инновациялық және тұлғалық педагогика аймағында аса үлкен назарға алынып жүргені педагогикалық өзіндік сана, яғни педагогтың өз кәсібіне болған өзіндік көзқарасы, танымы, бағыт - бағдары, педагогикалық өзіндік сана әрқашан ұстаз - мұғалімнің өз үстінде жүмыс істеп, үздіксіз жетіліп баруға деген қажеттілікті сезінуінен қалыптасады. Бұл ұғым өз ішіне оқулықтар мен бағдарламаларда ұсынылған мақсаттар мен мазмүнды, педагогикалық идеялар мен әдістерді, оқу қызметтерінің нақты жағдайларымен сәйкес ендіре және орайластыра білу ептіліктерін қамтиды. Ұстаздың өзінің даралықты елеуішінен өтіп, ғылым мен тәжірибенің мызғымас бірігіміне айналған педагогикалық шеберлік және мұрат тұткан болашақтағы оның жобасын түбегейлі танып, түсінуден педагог өзінің шығармашыл да жаңашыл сипаттағы дербес кәсіптік бағыт- бағдарын қалайды.
Педагогикалық өзіндік сана қалыптастырудың алғышарты ретінде үш шартты естен шығармаған жөн:
1. Өзіңді маман ретінде танып, білу;
2. Өзіңді кәсіп иесі - педагог ретінде ардақтай білу;
3. Өзіңді маман ретінде бағалай білу.
Бұл орайда өзіндік баға педагогикалық шеберлікті жетілдіру үдерісіндегі реттестіру қызметін мұғалім жөніндегі өзіндік баға мен идеялды таным арасында «келіспестік» туындаған жағдайда ғана атқаруы мүмкін. Сонымен, педагогикалық өзіндік сана сыртқы және ішкі, жан дүниелік ықпалдармен айқындалатын дамыған ой-өріс нәтижесі, дегенмен, бұл арада ескеретін жәйт: нені және қалай екенін, қайтып орындауды білу шебер педагог болу үшін аздық етеді. Басты мәселе - педагогика тілімен айтсақ, тұлға табиғатына тән ұстаным, оның іс-әрекетінің бағдары рөлін атқаратын жалпы да жекелеген қоғамдық мұрат - максаттарды өз борышы ретінде қабылдай білу.
Педагогикалық ой жетілдіру және оның негізгі көрсеткіштерінің, педагогикалық өзіндік сананың деректерін басқарудың аса маңызды шарттарының бірі - өзіндік тәлім ұстанымы, яғни мұғалімнің шығармашылықтағы көкейкесті қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған өз қызметін ұштауға дайын болуы. Дәлелдегендей, кәсіптік жетіліп бару тұлғаны «қамшылаудан» болмай, оның жанкештілік ынтасынан, өз жұмысында жоғары табысқа қол жеткізу ұмтылысынан іске асып барады, өз кезегінде, казіргі заман қоғамының қойып отырған жаңа талаптарына орай өз қызметтерін қайта кұру қабілеті, қалаған педагогикалық ұжымның өз қызметіндегі жетістіктері мен кемшіліктері шәкірттерінің тәрбиелік және сауаттылық деңгейін жүйелі талдау болған күнде ғана іс-жүзінде көрінуі мүмкін.
Осыдан да, егер педагог тұлғаның шығармашыл бағыт-бағдарын қалыптастыру оқу-үйретім жұмыстарының негізгі шарты екенін мойындап, сонымен бірге әрқилы балалардың даму қарқынындағы айырмашылықтарды ескеріп барса, мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады және өзінің тұлғалық жетілуіне маңызды ықпал жасаушы түрткі көздерін өзі табуға ынталы болады, әрі оларды табады да.