1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет27/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Евней Букетов


Евней Арыстанұлы Букетов әдебиетпен, ғылыммен және ұстаздық қызметпен айналысты. Ол көркем әдебиетке құштар болды. Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев жайында мақалалар жазды.


Евней Букетов – химик және ақын. Ол Абай және Мұхтар жөнінде де қалам тербеді. Ол Абайдың халықты еңбек етуге, кәсіп етуге үндейтін өлеңдеріне талдау жасады.

Евней Арыстанұлы Букетов


/Библиографиялық көрсеткіштен алынған/

Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Евней Арыстанұлы Букетов жеңіл, асыл, шашыранды және ауыр металдар металлургиясы мен химия салалары бойынша атақты металлург-ғалым және физик-химик, күлі көп көмірден сұйық отын алуды ұйымдастырушы. Қазақстандағы ғылым мен жоғарғы оқуды ұйымдастырушылардың бірі, жазушы, аудармашы және әдебиет сыншысы.


Евней Арыстанұлы Букетов халық жадында сақтаулы. Оның жарқын бейнесін мемориалдық тақта және бейне кескіні арқылы өзі 12 жыл басқарған Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтының фасадынан орын алды. Евней Арыстанұлының есімі өзі туған жеріндегі, Сергеевка қаласындағы көше мен өзі оқыған мектебіне берілді. Оның есімі Қазақ Кеңес энциклопедиясы /2 том/ және Қарағанды қаласының энциклонедиясына енді. Қазақстан Республикасының үкіметі өзінің шешімімен Алматы қалалық атқару комитетіне Е.А.Букетовтың есімін 1950-1956 жылдары Алматыдағы тұрған үйінің қабырғасына ескеркіш тақта арқылы есте қалдыруды ұсынды. 1991 жылы тамыз айында Қарағанды мемлекеттік университетіне оның алғашқы ректоры Е.А.Букетов есімі берілді, сонымен бірге Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысындағы жаңа "Гүлдер" атты шағын ауданындағы бір көше Е.А.Букетов атындағы көше деп аталатын болды.
1992 жылы маусым айында Е.А.Букетов атындағы университетте Е.А.Букетовтың мұражайы ашылды, ал 2005 жылы ескерткіші ашылды.


3-тапсырма. Мәтінге дейінгі жұмыс.

Евней Арыстанұлы Букетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь /қазіргі Сергеев/ ауданындағы Бағанаты ауылыңда дүниеге келді.


Ол өмір жолын бастауыш және орталау мектебіңде мұғалім болып бастады. Кейін ол Алматы Қазақ тау-кен металлургия институтын аяқтап, осы аталмыш институттың аспиранты болды. 1954 жылы Техника ғылымдарының кандидаты, 1967 жылы техника ғылымдарының докторы және профессор ғылыми атағы берілді.
1972-1980 ж.ж. жаңадан ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры.
1983 жылы 13 желтоқсанда Е.А.Букетов қайтыс болды. Марқұмның мәйіті Қарағандының қалалық зиратында жерленді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет