1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет30/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

1-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Мен ертең саған бар… 2. Олар ертең пойызға отыр … 3. Біз сабақты жақсы оқы… 4. Сен далада футбол ойна… 5. Сәрсен жақсы жұмыс … 6. Сіздер қаланы көр … ме? 7. Сіз ұйықта … ба? 8. Сендер дүкеннен не ал … ? 9. Сендер жазда ауылда демал … 10. Мен кешке теледидар көр … 11. Менің әжем жазда баласына жүр … 12.Біз қазір май жағып же…




2-тапсырма. Мына сөйлемдерді келер шақта жазыңыз.

Үлгі: Әлімнің әжесі жазда қалаға барады. - Әлімнің әжесі жазда қалаға барар. Әлімнің әжесі жазда қалаға бармақ.


1.Мен бүгін үйден тамақтанамын. 2. Біз дүкеннен нан және сүт аламыз. 3. Менің ағам биыл үйленеді. 4. Сіздер Мәскеуге ертең жүресіздер. 5. Сен ертең кетесің. 6. Сіз көп ұйықтайсыз. 7. Студенттер қазақ тілін үйренеді. 8. Сендер мұғалімге барасыңдар. 9. Мен көп ойлаймын. 10. Біз ертең паркте қыдырамыз. 11. Назым маған кітабын көрсетеді. 12.Сендер сабаққа көп әзірленесіңдер.




3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қаныш Сәтбаев


Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және коғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик.


Қ.Сәтбаев – 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Бұл еңбектер негізінен Қазақстан кен орындарының геологиясы мен минералды қорларын зерттеуге, пайдалы қазбаларды болжам карталарды құрастыру принциптерін айқындауға арналған.
Ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай ЮНЕСКО үйғарымымен 1999 жыл дүние жүзілік дәрежеде Сәтбаев жылы деп аталды.
Сәтбаев және Жезқазған жері

Томск техникалық иниститутынан инженер-геолог мамандығын алған Қ.И.Сәтбаев еңбек жолын Жезқазған, Ұлытау өңірінен бастады.


Ол 1926 жылы геология бөлімін басқарды, ал 1929 жылы іскерлігін танытқан жас Қаныш Трест басшысы болды. Осыған дейін Жезқазған кенімен шұғылданған Геолкомның бітірген ісі аз ғана болатын. Олар ағылшындардың Жезқазғанның кені 12 жылға ғана жетеді дегендеріне сүйеніп, Сәтбаевтың зерттеулеріне кедергі тудырды. Ал ғалым 1927-1928 жылдары баспалардан құнды ғылыми зерттеулерін, Қарсақбай комбинатының, Жезқазған Атбасар, Қаратау полиметалл кендерін айқындайтын мақалаларын бастыра берді.
Сөйтіп, 1929 жылы бұл еңбектері бағаланып, Жезқазған геологиялық экспедициясын құрып, өзі басқарды. 1931 жылы экспедиция зерттеуінің нәтижесінде Жезқазған кенінің ұланғайыр екенін дәлелдейді. Үлкен еңбек майданындағы Сәтбаев сапарластары ғалым ішіне құдай қонған деп таңданады.
1934 жылы Сәтбаев Москвада Ғылым Академиясының сессиясында бірнеше баяндамалар жасап, ғалым ретінде аты әйгілі болады.
1938 жылы көп кедергіге қарсы тұра білген Сәтбаевтың қолы Жезқазған құрылысы туралы қаулыға жетеді. Сөйтіп, Жезқазған мыс кенінің коры бойынша дүние жүзінде алдыңғы қатарға шығады. Түсті металлургияның болашақ алыбы Жезқазған екендігі дәлелденеді. Сәтбаев 1940 жылы жетістіктері жайында Москваға баяндама жібереді. Соғыс жылдары болат қүюды күшейтіп, вольфрам, молибденнің жаңа кен оңірін ашады.
Сәтбаев 15 жыл ішінде кенді қайдан қалай іздеп табу әдістерін корсете алады. Ол өз ісінің жасампаздығын металлогениялық картасы арқылы дәлелдейді. 1941 жылы Сәтбаев Алматыға ғылыми қызметке ауысады. 1961 жылы Жезказғанда КазҒА-ның көшпелі сессиясы өтеді.
Сәтбаев, Жезқазған үшін, оның болашағы үшін, көптеген дүниелерді ашып береді. Осылайша тарихта Жезқазған кені мен Қаныш есімі бір-бірін толықтыратын үлкен ұғым болып қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет