4-тапсырма. Сұрақтар.
Е.А.Букетов туралы не білесіздер?
Ол ғылымның қандай саласына зор үлес қосты?
Е.А.Букетов кім?
Е.А.Букетов қай жерде туды?
12 жыл бойы қандай мекемені басқарды?
Е.А.Букетов мұражайы қай жерде ашылды?
Е.А Букетов есімі ҚарМУ-ге қай жылы, не үшін берілді?
Е.А.Букетовтың мұражайы қай жылы ашылды?
Е.А.Букетовты бүгінгі күні кім деп айтар едіңіз?
Е.А.Букетовтың қандай еңбектерімен таныссыз?
5-тапсырма. Тілдік материалды игерту жұмысы.
а) Сан есімнің қандай түрлері қолданылған?
ә) Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыздар. Олар қандай шақта берілген?
Сауатты ғалым
Е.А.Букетов металлургия және химия саласындағы белгілі ғалым ғана емес, сонымен бірге әдебиет сыншысы, тамаша аудармашы, публицист, ақын және жазушы, қоғам қайраткері, педагог және жастардың ұстазы да болды.
Евней Арыстанұлы: "Мен ... әдебиетті білмеген ғалымды нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашан да мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған," - деп жиі айтатын. Евней Арыстанұлының өзі нағыз осындай ғалым еді. Сонымен бірге ол қазақ тілін де, орыс тілін де жетік білді, екі тілде де еркін жаза алды. Кейде орыс оқырмандары оны орыс жазушысы деп есептейтін.
Евней Арыстанұлы жазған сын-мақалалар әдеби жағынан сауатты, жоғаргы кәсіби деңгейде болатын.
Евней Арыстанұлы әдебиетті шын бағалаушы ретінде С.Есениннің, В.Маяковскийдің, А.С.Пушкиннің көптеген шығармаларын жатқа білетін және айтып беретін. Бірақ ол Пушкин мен Лермонтовты аударып көрмеген еді. Пушкинді ұлы Абайдың аударғаны баршаға белгілі. Сондықтан Евней Арыстанұлы Пушкинді Абайдан кейін аударуды ерсі көрген. Бүл жерде біз оның зиялылығын, мәдениеттілігін және әдептілігін көреміз.
Евней Арыстанұлы жоғары мәдениетті адам болатын. Ол кішімен кішіше, үлкенмен үлкенше сөйлесе алушы еді, өзін жағдайга сәйкес ұстайтын. Ол халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін бойына сақтады.
Евней Арыстанұлы Абайдың "шәкіртсіз ғалым тұл" деген сөзін – есіне қатты сақтаған. "Социалистік Қазақстан" /қазіргі "Егеменді Қазақстан"/ газетінің тілшісі Б.Әбеновтың:
– Сіздің пікіріңізше, ғалым қандай болмақ ? - деген сұрағына Евней Арыстанұлы.
– Ғалым деген сөздің өзі білімге мегзеп тұрған жоқ па? Ендеше, ол жан-жақты білімдар болсын. Өз басым тар шеңберлі ғалым дегенді қабылдамаймын. Қазіргі ғалымның сала-салаға бөлініп, мамандануы бұған сылтау емес. Сосын кейінгі толқын-жастарға дер кезінде тізгінін беретін, лайық деп тапса, өз орнын босатып бере алатын ұстаз болса.
Достарыңызбен бөлісу: |