1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет52/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Нина купила хлеб, мясо, молоко и масло в магазине. 2.Сауле поставила на стол чашки, тарелки, вилки, ложки и ножи. 3.Хозяева пригласили домой гостей. 4. В прошлом году мы встретили Новый год дома. 5. Я люблю весну. 6.Асет пишет диктант. 7. Мы учимся в институте иностранных языков. 8.Данияр читает стихи.




3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Хат ауылға жіберілді ме? 2.Емханада кім емделеді? 3.Адамдар неге жиналды? 4.Спорт жарысында кім жеңілді? 5. Не аяқталды? 6. Қонақтарың шақырылды ма? 7. Үстелге не қойылған? 8. Жиналыста қандай сұрақтар қаралды?


4-тапсырма. Өздік етістіктің жұрнақтарын қосыңыз.

1.Таңертең тұрып, дене тәрбиесі жаттығуларын орында, жуын, киін, тамақтан. 2.Олар тез шешінеді. 3.Әлия ойланып жүр. 4.Мә, орамалмен сүртін. 5.Автомобильден сақтан. 6.Ағам күнде қырынады. 7. Ермек кітапты пайдаланып жүр. 8.Асханадан тамақтан. 9. Сәния белін буынады. 10.Алыстан бір қара көрінеді. 11. Тез таран.




5-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Электр станса түрлері


Электр стансасы дегеніміз- электр энергиясын өндіретін өнеркәсіп кәсіпорыны. Қазақстанда және басқа да экономикасы дамыған ірі елдерде энергияның негізгі көлемі (80-84%) жылу стансаларда өндіріледі.
Қазақстанда өндірілген электр энергияның 84% -тейі Ж.Э.С-да өндірілсе, 16%-тейі С.Э.С-да (су электрстансасы) өндіріледі. Ең ірі су стансасы Ертіс өзенінде орналасқан. Олар Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы Бұқтырма, Өскемен және Шульба стансалары. Келесі үлкен станса Іле өзенінде Алматының шығысында орналасқан. Осы су стансалары республика суының 95%-ін құрайды. Ал 5%-тін Алматы кіші СЭС-лары құрайды.
Атом электр стансасы (А.Э.С.)-ядролық реакциялардың энергиясын пайдаланатын жылу электр станса. Ядролық отын ретінде уранның И235 табиғи изотопын пайдаланады. Қазақстанда жалғыз атом стансасы 1972 жылдан бері Маңғышылақ энергокомбинат құрамында істейді.
Газшығырлы және бугаздық электрстансаларында тиімділігі төмен және сапалы отын (сұйық немесе гез) жағылады. Сондықтан мұндай стансалар республикада көп тарамаған.
Сондай-ақ бейдәстүрлі энергетика жел және күн энергетикасы, биомасса, жер асты ыстық энергиясы және кіші су энергетикасы жатады. Ал Қазақстанда жел энергиясы қоры үлкен. Жел энергиясын ауыл шаруашылығында мал суару үшін Семей және Атырау облыстарында пайдаланады. Ал, күн электр стансаларын болашақта күн қуаты мол Арал маңы, Қызылорда, Шымкент облыстарында салу жоспарлануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет