Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Дескриптор:
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Жалпы- 2 балл.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
ДК экраны
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
Кездейсоқ шамаларды анықтайды.
а)Бір тәулік ішінде анықтама бюросына шалынған қоңыраулар саны;
ә)Ойын сүйегін екі рет лақтырған кезде 3 және 5 ұпайларының түсуі кездейсоқ шама бола ма?
|
Дескриптор: 1.Есеп мазмұнын түсінеді.
2.Кездейсоқ шамаларды анықтайды.
3.Жауабын жазады.
Жалпы- 5 балл.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
Тиын 5 рет лақтырылды. Х дискритті кездейсоқ шамасы – елтаңбаның түсу санының үлестірім кестесін құрады. Үлестірім гистограммасын тұрғызады.
|
|