Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Дескриптор:
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Жалпы- 3 балл.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
1.Оқулықты оқып танысып шығады.
2.Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып есептерді шығару мүшелерімен танысады.
|
Слайд
ДК экраны
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
Аралықтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табады.
1)f(x)=7x-14, [0; 4]
2)f(x)=-0,2x+0,4, [1; 3]
|
Дескриптор:
1.Ең үлкен мәнін табады.
2.Ең кіші мәндерін табады.
Жалпы - 4 балл.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
y= f(x) функциясы графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерінің координаталарын табады.
1)f(x)=7x²+x;
2)f(x)=-x⁴+64.
|
|