7 Саяси тәртіп
1 Саяси билік пен қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы қалай атайды?
B) саяси тәртіп
2 Төменде берілген белгілерінің демократиялық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
D) экономика мен саясаттың бірігуі 3 Демократиялық тәртіпте биліктің көзі кім немесе не болып табылады?
C) халық
4 Демократиялық тәртіп кезінде қандай принцип басшылық етеді?
A) тыйым салынбаған нәрселердің бәріне рұқсат етіледі
5 Төменде берілген белгілерінің антидемократиялық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
E) баламалы және белгілі мерзімге өткізілетін сайлаулар
6 Тоталитарлық тәртіп дегеніміз:
A) орталықтандырудың, бірлестірудің, қоғамның барлық салаларын әкімшілік орталыққа бағындырудың шектен шыққан, экстремалды түрлерімен сипатталатын саяси және қоғамдық құрылымның ерекше түрі
7 Төменде берілген белгілерінің тоталитарлық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
A) азшылық құқы жүзінде қорғалады
8 Тоталитаризм алғаш рет қай кезде пайда болды?
D) 20 ғ. 20 ж. Италияда
9 Тоталитаризмнің тармақтары:
D) кеңестік социализм (сталинизм) мен неміс национал-социализмі (фашизм)
10 Қандай саяси тәртіпке жылдам индустрияландыру мен ауыл шаруашылындағы күшпен ұжымдастыру, бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан еңбекшілерді аластату тән?
B) сталинизм
11 1919 ж. Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы:
A) фашизм
12 Қандай саяси тәртіпке мемлекеттің диктаторлық функцияларының күшеюі, демократиялық еркіндіктермен күрес, адам құқының күрт шектелуі, шовинизм, нәсілшілдік, экстремистік ұлтшылдық, әскери агрессияға талпыну тән?
A) фашизм
13 Национал-социалистік мемлекеттің мүдделері, нәсілшілдік, антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі туралы А.Гитлердің еңбегі:
D) Менің күресім
14 Авторитарлық тәртіп дегеніміз:
C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі
15 Төменде берілген белгілерінің авторитарлық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
D) адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы
16 Теократиялық саяси тәртіпке тән белгілері:
D) діндік элитаның абсолюттік билігі
17 Авторитарлық монархия дегеніміз:
A) самодержавиенің монархтың түрі
18 Чили, Аргентина елдеріне тән саяси режим:
B) әскери басқару
19 Сауд Аравиясы, Иордания елдеріне тән саяси режим:
C) авторитарлық монархия
20 Қазіргі Қазақстанға тән саяси тәртіп:
E) демократиялық
Достарыңызбен бөлісу: |