2 Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері (Антика мен Орта ғасыр кезеңдері)
1 «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» еңбектерінің авторы:
B) Платон
2 Мына философ мемлекет пайда болу туралы осындай пікірлер айтқан: адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерді өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады:
B) Платон
3 Платонның саяси көзқарастары бойынша адамдардың үш үлкен әлеуметтік тобын көрсетіңіз:
E) әкімдер, қорғаушылар, өндірушілер
4 Платон ойынша мемлекеттің негізгі түрлері:
A) аристократия, тимократия, олигархия, демократия, тирания
5 Платон ойынша аристократия -
E) мемлекетті ақсүйектер билейді
6 Платон ойынша тимократияның ерекшелігі:
D) мемлекеттік билік бір адам қолында болады
7 Платон ойынша олигархия -
C) мемлекет азғантай топ қолында болады
8 Платон ойынша демократия -
B) мемлекет халықтың қолында болады
9 Тирания дегеніміз:
A) мемлекет күшпен басып алушы қолында болады
10 Платон ойынша ең жақсы мемлекет, бұл -
A) аристократия
11 Саясаттанудың әкесі деп қай философ болып саналады?
A) Аристотель
12 «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» еңбектерінің авторы:
A) Аристотель
13 Қай философ мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі, мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді ұсынды?
E) Аристотель
14 «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» еңбектерінің авторы:
D) Цицерон
15 Антикалық заманның қай ойшылы басқарушы мен басқарылушылар арасындағы байланыстың құқықтық принципін құрды?
D) Цицерон
16 Христиан философиясының негізгі қағидаларын зерттеген тұлға. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған:
B) Августин
17 Мына философ барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деген:
B) Августин
18 Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монахы, «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінің авторы:
A) Аквинский
19 Қай философ ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды, сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек. Онық түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс:
A) Аквинский
20 Мына философ Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды:
A) Аквинский
Достарыңызбен бөлісу: |