1 Саясаттану теориясы



бет8/34
Дата23.01.2022
өлшемі65,17 Kb.
#113407
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
politologia na kaz-1

8 Демократия – билік түрі

1 Латын тілінен аударғанда «демократия» қандай мағынаны білдіреді?

D) халық билігі

2 Халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысы:

B) демократия

3 Тұңғыш демократиялық мемлекет:

A) Афины

4 Аса маңызды мемлекеттік немесе қоғамдық мәселе бойынша сұрау салу немесе дауыс беру арқылы сайлаушылардың бүкілхалықтық еркін білдіруі:

A) референдум

5 Референдумның түрлері:

E) жалпыхалықтық және жергілікті

6 Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру:

A) Республикалық референдум

7 Референдумға қатысу осы жастан рұқсат етілген

A) 18

8 Төменде берілген мәселелерінің референдумға қатысы жоғын көрсетіңіз:



D) Президентті сайлау

9 Жеке тұлғаны биліктің бастапқы қайнар көзі ретінде мойындаудан, оның әлеуметтік субъект ретіндегі дербестігін, адам құқықтары мен бостандықтарын заң билігімен қорғауды көздеуден тұрады – бұл:

A) либералдық демократия

10 Батыс еуропалық елдердің басым көпшілігіне тән. Саясаттың басты субъектілері жеке адам да, халық та емес, әртүрлі топтар дейді. Осылайша тек топтың көмегімен жеке тұлға өз мүддесін қорғауға, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады – бұл:

B) плюралистік демократия

11 Бұл демократия түрі бойынша тек халық қана, заң шығару және үкімет қызметін анықтау құқығына ие болуы керек дегенге саяды. Мұндай демократия түрі әлеуметтік субъект ретіндегі халықтың біртұтастығын, көпшілікке бағынуы қағидатын шексіздендіреді. Сонымен қатар, олар жеке тұлға автономдығын мойындамайды:

C) ұжымдық демократия

12 Тікелей немесе плебисцитарлы демократия:

C) аса маңызды саяси мәселелерді халықтың өзі шешуі керек, ал биліктің өкілетті органдарын азайтып, азаматтардың толық бақылауына бағындыру керек деуден тұрады

13 Өкілдік немесе репрезентативті демократия:


D) халық тек тікелей ғана емес, билік органдарындағы өз өкілдері арқылы да билікке араласа алады деп есептейді. Осындай тәртіпте демократия халық алдында жауапты өкілетті басқару түрі ретінде сипатталады

14 Қатысу немесе партиципаторлы демократия:

E) негізгі идеясы халықтың басым көпшілігің тек билік органдарына өз өкілдерін сайлаумен шектеліп қоймай, басқа да биліктік, басқарулық іс-әрекеттерге тікелей қатысуын көздейді

15 Демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер:

А) демократияландыру

16 Әлемнің демократияландыру себептерін көрсетіңіз:

Е) авторитарлық саяси жүйелерді либерализациялау

17 Төменде берілген себептерінің демократизацияландыру процесіне қатысы жоғын көрсетіңіз:

D) индустрияландыру, модернизацияландыру, урбанизацияландыру процестері

18 Демократиялық процесс толқындары теориясын жасаушы, ғылыми айналымға «демократияландыру толқындары», «демократияландырудың ғаламдық толқыны» ұғымдарын еңгізген ғалым:

Е) С. Хантингтон

19 Демократияның белгілерін шығарған ғалым:

В) Р. Даль

20 Демократияның белгілеріне қатысы жоғын көрсетіңіз:

С) барлық азаматтардың интеллектуалдық саяси элитасына бағынуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет