1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арызды беру мен қараудың тәртібі



бет101/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   112
Байланысты:
дәріс

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арызды беру мен қараудың тәртібі. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істі қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі арыз беруге құқылы тұлғаларды оны беру мерзімдерін бекітеді.
Қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысқан тұлғалар немесе прокурор бере алады (ҚР АІЖК 406-бап). Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болған мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.
Қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыздың мазмұнымен толтыру нысанына заң талап қоймайды. Бірақ, нақты іс бойынша іс жүргізуді реттейтін нормаларға сай, арыз жазбаша түрде және істің мазмұны, қаулы шығарған сот атауы, арыз беруші тұлғаның атауы, қайта қараудағы қаулы не ұйғарымды көрсету қажет. Арыздың қорытынды бөлімінде арыз берушінің талаптары мен арызға тіркелетін қосымша құжаттар тізімі тіркеледі және соңында арыз берушінің немесе оның өкілімен қол қойылады. Өкілмен берілген арызға сенімхат немесе оның өкілеттілігін білдіретін құжат тіркелуге тиіс.
ҚР АІЖК 408-бабына сәйкес, сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот мәжілісінде қарайды.
Арыз беруші және іске қатысушы басқа да тұлғалар мәжілістің уақыты мен орны туралы хабарланады және де олардың келмеуі арызды қарауды тоқтатудынң негізі болмайды деп заңда нақты бекітілген. Қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараутуралы арыздың нәтижесінде ұйғарым шығарылады. Сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді қайта қарау туралы арызды қарай келіп, не арызды қанағаттандырады және шешімнің күшін жояды, не қайта қараудан бас тартады (ҚР АІЖК 409-бап).
ҚР АІЖК 409-бабына сәйкес, жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы сот ұйғарымы наразылық келтіруге жатпайды.
Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау қадағалау тәртібіндегі қайта қарау негізі бойынша ерекшеленеді. Сонымен қоса, іс жүргізуді қорғау құқығын қолданатын субъектілермен шешімді қайта қарайтын сот органдарымен және қайта қараудың процессуалдық тәртібімен ерекшеленеді.
Заңдық күшіне енген сот қаулыларын қайта қарау жөніндегі екі институттың ерекшелігін қарастыра отырып, оларды сот тәжірибесінде бірге араластыруға болмайды. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді қайта қарауға негіздер болған жағдайда шешімді қадағалау тәртібінде қарауға болмайды. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау институты сот тәжірибесінде кейде қадағалау тәртібімен қайта қараумен ауыстырылады.
К.И. Камиссаровтың пікірі бойынша сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау институтын сақтаудың тиімсіздігін және оны «ең ыңғайлы әрі кеңірек» қадағалау тәртібінде қайта қараумен ауыстырған жөн.
Бұл ұсыныстар негізделген қарсылықтарды туындатады. Заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың екі формасын салыстыру көрсеткендей, іске қатысушылар үшін ең тиімді әрі ыңғайлысы болып жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау табылады. Себебі, бұл сатыдағы іс жүргізуді қозғау заңмен қарастырылған негіздер болғанда іске қатысушы тұлғалардың еркіне байланысты болады.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өз көзқарасын И.Н.Зайцев те білдірген болатын. Бұл институтты толығымен сақтау өте орынды деп есептеп, автор сотқа қайта қарау туралы арыз бен шағымдануға берілген уақыт өтісімен ҚР АІЖК 404-бабында қарастырылған фактілер сот қаулыларын апелляциялық және қадағалау тәртібінде қайта қарауға негіз ретінде қарастырылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет