23 ТАҚЫРЫП. СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ ӨНДІРІСІ Сот актілерін орындау сатысының мәнісі. Орындау өндірісінің органдары. Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері. Мәжбүрлі орындауға жататын актілер. Орындау құжаттары. Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері. Борышкердің мүлкінен, жалақысынан өндіріп алу.
Дәріс Сот актілерін орындау сатысының мәнісі. Атқарушылық іс жүргізу бойынша туындайтын қатынастардың табиғаты туралы жєне атқару өндірісінің Қазақстан Республикасының құық жүйесінде алатын орны туралы сұрақтар заң ғылымында даулы болып табылады. Қазіргі ғылымда көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша атқару өндірісі азаматтық процесстің соңғы сатысы болып табылады. Кейбір авторлардың пайымдауы бойынша, сот төрелегін және атқарушылық өндірісті жүзеге асыру бойынша бір текті емес қатынастар қалыптасатындығына қарамастан, бұл дәстүрлі бағыт болып есептеледі. Көрсетілген пікір, ең алдымен, азаматтық іс жүргізу құқығының пәнінің анықтамасына, сондай-ақ азаматтық істерді қарастырудың ақырғы мақсаты заңды күшіне енгеннен кейін жалпыға міндетті болатын заңды және негізді сот шешімін шығаруға негізделеді. Осы белгісіне байланысты соттың және атқару органдарының тарапынан сот шешімін орындау бойынша мєжбүрлі әрекет ету азаматтық процесстің жалғасы болып табылады.
Енді бір топ авторлардың пайымдауынша атқарушылық іс жүргізу өндірісі – бұл дербес құқық саласы. Бұл көзқарастың сот шешімін орындау бойынша нормаларының тиімділігін қамтамасыз ету бойынша маңызы зор.
Сот қаулылырын және басқа актілерді орындау – бұл атқару өндірісінің субъектілерінің – приставтар мен орындаушылардың құқыққолдану қызметі. Соттық қызметпен салыстырғанда сот орындаушысы құқық туралы дауды шешпейді, сот процесінде, нотариаттық өндірісте, келісім комиссиясында еңбек дауларын қарастыру процессінде анықталған талаптарды орындайды.
30 маусым 1998 жылы қабылданған ”Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі берілген жұмыстың мәтіні бойынша – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) атқарушылық өндірістің құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілейді, сонымен қатар сот орындаушыларының құқықтық мәртебесін анықтайды.
Азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады (1-бап).
Атқарушылық өндіріс мынадай сатылардан тұрады:
атқарушылық өндірісті қозғау;