1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтық сот өндірісінің түсінігі және түрлері



бет6/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
Байланысты:
дәріс

Азаматтық сот өндірісінің түсінігі және түрлері. Азаматтық сот өндірісі дегеніміз азаматтық істерді қарастыру мен сот актісін орындаумен байланысты соттың, іске қатысушы тұлғалардың, орындау өндірісіне қатысушылардың қызметі. Азаматтық сот өндірісінің пәні – нақты азаматтық іс. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері болып азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің бұзылған және дауланып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау және құқықбұзушылықты ескерту табылады (АІЖК-нің 5-бабы).
Қолданыстағы ҚР АІЖК азаматтық сот өндірісінің үш түрін қарастырады:
1) талап өндірісі;
2) ерекше талап өндірісі;
3) ерекше өндіріс.
Талап өндірісі. Көп таралған түрі. Онда құқық туралы дау қаралады, мысалы, азаматтық, отбасы, еңбек, тұрған үй, әкімшілік, қаржы, жер құқыққатынастары, табиғат ресурстарын пайдалану жәнек қорғау бойынша құқыққатынастарынан туындайтын істер қаралады. Оған екі дауласушы тарап қатысады – талапкер мен жауапкер.
Ерекше талап өндірісі. АІЖК-нің 25-29-тарауларында қарастырылған істер бойынша даулы материалдық құқыққатынастарының субъектілері болып, бір жағынан мемлекеттік билік ету органы немесе лауазымды тұлға, екінші жағынан – азамат немесе заңды тұлға қатысады.
Ерекше өндіріс. Заң бұл жағдайда құқық туралы дау жоқ істерді қарастырады. Мұндай істердің тізімі АІЖК-нің 30-39-тарауларында анықталған.
ҚР АІЖК үшін жаңалық болып бірінші сатыдағы сотпен жеке талаптарды шешу бойынша қарапайымдандырылған тәртіп енгізілген. Ол АІЖК-нің 13-тарауында қарастырылған «Бұйрықтық өндіріс». Судья өндіріп алушы мен борышқорды шақырмай, сот талқысын өткізбестен, сот бұйрығын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет