1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі



бет44/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

3.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі
Кәсіпорының даму жоспарының маңызды бөлімі - өндірістік бағдарлама немесе өнім өндіру жоспары. Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері: тауарлық (жалпы) өнім өндірісінің өсу қарқыны, натуралдық көріністегі өнімнің маңызды түрлерінің өндірісі.
Өндірістік бағдарламаны әзірлеу маркетинг қызметінің негізінде іске асырылады. Өндірістік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі кәсіпорынның маркетингтік шаралар кешеніне мыналар енеді:

  • Кәсіпорын тауарларын (қызметтерін) тұтынушылар мен олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттеу;

  • Фирманың нарықтық мүмкіндіктерін талдау;

  • Шығарылатын тауарлар мен ұсынылатын қызметтерді, олардың даму перспективаларын бағалау;

  • Пайдаланылатын өткізу формалары мен каналдарын талдау;

  • Фирмамен пайдаланылатын баға қалыптасу әдістерін талдау;

  • Тауарларды (қызметтерді) нарықта жылжыту жөніндегі шараларды зерттеу;

  • Бәсекелестерді зерттеу;

  • Нарықтық «үлесті» таңдау.

Маркетингтік зерттеулер жүргізілгеннен кейін фирма ішінде өндірістік бағдарлама мынадай кезекте әзірленеді. Ол төмендегі суретте көрсетілген.

Сурет 5. Өндірістік бағдарламаны әзірлеу сатылары
Өндірістік бағдарлама 3-5 жылға жоспарланады, натуралдық, шартты-натуралдық, еңбек және құндық көрсеткіштерде есептеледі.
Құндық көріністегі өнім көлемі жоспарын анықтау үшін натуралдық көріністегі өнім көлемі жоспары пайдаланылады. Натуралдық көріністегі өнім өндіру жөніндегі тапсырмалар жекелеген бұйым түрлерін тұтыну ерекшеліктерін ескеретін өлшем бірліктерде орнатылады. Мұндай бірліктер тонна, метр, киловатт-сағат, дана болуы мүмкін. Барлық жағдайда өлшем бірліктер әртүрлі өнім өндіру және тұтыну спецификасын бейнелеуі, неғұрлым тиімді және сапалы бұйым өндірісін ынталандыруы және материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарды пайдалануға ықпал етуі тиіс.
Жоспарда орнатылған өнімнің өлшем бірліктері өндірісті басқару мен жоспарлаудың барлық буындары үшін міндетті.
Натуралдық көріністегі өнім өндірісі жоспарының ажырамас бөлігі өнім сапасын әрі қарай арттыру жөніндегі тапсырма болып табылады. Өнім сапасы өзінің техника-экономикалық көрсеткіштері бойынша ҒТП талаптарына жауап беруі керек. Бұл талаптарға сәйкес өндірістен ескірген өнімді алып тастау немесе модернизациялау, шығарылатын өнімнің негізгі техникалық сипаттамаларын жақсарту, стандарт талаптарын сақтау қарастырылады.
Өндірістік бағдарламаның құндық көрсеткіштері сату көлемі, тауарлық, жалпы өнім болып табылады.
Өнімді сату көлемі бойынша саланың, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі жоспарланады. Өнімді сату көлемі жоспарда жоспарлы кезеңдегі жеткізуге арналған және төлеуге жататын құн ретінде анықталады: дайын бұйымдар, өздері өндіретін жартылай фабрикаттар; басқа жаққа сатуға арналған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар.
Жоспар бойынша сатылатын өнім көлемін келесі формула бойынша анықтауға болады:
Рппн.п1н.п2
Тп- жоспар бойынша тауарлық өнім көлемі;
О н.п1, О н.п2 – жоспарлы жыл басындағы және соңындағы сатылмаған өнім қалдықтары.
Өнеркәсіптік өнімнің көлемін, оның құрылымын, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын, қор қайтарымын және басқа экономикалық көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік беретін жоспардың маңызды көрсеткіштері тауарлық және жалпы өнім.
Жоспардағы тауарлық өнім мыналардың құнын енгізеді: басқа жаққа сатуға, өздерінің күрделі құрылысына және өз кәсіпорнының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына арналған дайын бұйымдар; басқа жаққа жіберуге арналған өздері өндірген жартылай фабрикаттар мен көмекші және қосалқы өндірістердің өнімі; басқа жақтың тапсырысы орындалатын өнеркәсіптік сипаттағы немесе өнеркәсіптік емес шаруашылықтар жұмыстарының құны.
Жалпы өнім көлемі берілген жоспарлы кезеңде орындалу көзделген жұмыстардың барлық көлемін енгізеді; келесі формула бойынша анықталады:
Впп – Нпк
Мұндағы, Нп к – жоспарлы кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндіріс, өздері өндіретін жартылай фабрикаттар мен инструмент қалдықтары.
Сатылған өнім көлемі, тауарлық өнім сияқты анықталады: жоспарда – кәсіпорындардың көтерме бағаларында; есепте – а) өндіріс динамикасын анықтау үшін қажетті белгілі бір датадағы кәсіпорындардың салыстырмалы көтерме бағаларында (өзгеріссіз баға); б) есепті кезеңде әрекет ететін кәсіпорындардың көтерме бағаларында.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын негіздеу үшін оның өндірістік қуатының есептеулері болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет