1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 4. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі



бет12/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22
ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ссп Джанабаев Болат

§ 4. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бүл үғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенін барлық құрылымын мемлекет теңдіруінің тәсілдемелік негізі болды.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара кұкығы бар зандар мен ұйымдарды сактау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлык кезендерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдык кауым кезінде аксакдлдар кенесінің, веченін (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысынын, түрі), вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекетгік аппаратаркылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халыкаралык ұйымдар (БҮҮ, НАТО жәнет. б.) сиякты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлык мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктін ен жоғары, еңтолык, еңдамы-ган түрі, оиың өзегі болып табылады.
Мемлекеттік биліктің зандылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындыкдеген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырган саяси билікті мойындауынның заңдылығымен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимдік үшін мынандай екі шарт қажет: 1) ол халыктың калауы бойынша калыптасуы және көпшіліктін еркіне карай орындалуы керек, яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгіл бір мезгілге халыксайлауы керек және оның жұмысын бакылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялык кағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістін көрнекті ғалымы Мақс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті. Ен біріншісі — әдет-ғурыптық легитимдік, Ол сонау ерте заманнан бастап халыктың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапкан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде казір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т. б. билігін хаілыкдұрыс, занды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып кзлып келді, оны жүрт ата-салтымыз деп мойындап отырды.
Екінші түріне харизматикалық легитимдік жатады. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдылығымен немесе басқа үлгілі кабілет-касиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соныңсоңынан ереді. Халыктек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мүхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хомейни және т. б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Хариз-ма деген сөздің өзі де көсемте, мемлекеттік басқарушынын жеке басынатабынудеген мағынаны білдіреді.
Үшінші түріне Вебер ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрьілым орнатқдн кұкықтық ережелерге, тәртіпті ңакылой ғасыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялык. талаптарға сәйкес келеме, жок па сонымен аныкталады.
Легитимдіктің алдынғы екі түрі кұлдык және феодалдык қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Шығыс елдерініңсаяси қайратқерлері биліктің легитимділігіне зор назар аударады. Себебі, халык казіргі үстемдік стіп тұрған саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны жұртшылық қолдайды және ол тиімді кызмет атқарады.
Мемлекеттік құқыктық тәртіптің легитимдігінің сң биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы Отамызда Рсспубликалық референдумда қабылданған Казақстан Республикасының жаңа Конституциясы саяси билікке нактылы легитимдік берді. Онда Казакстан Республикасын демократиялык, зайырлы, күкыктық және әлеуметтік мемлекет деи жариялады. Онын ең кымбат қазынасы — адам және адамнын өмірі, күқықтары мен бостандыктары. Қазакстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы бір тұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халык. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен зандар негізінде зан шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану аркылы, өзара іс-кимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халықпен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкыктары мен бостандыктарының рәмізі әрі кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сот бмлігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерш қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялык Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды камтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.
Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқталмауға болмайды. Олар қоғамдык, өмірдің қолайлы, орнықты қалпын камтамасыз ету үшін қажет. Оған мыналар жатады: легитимдік принципі (яғни, билік заңга, зан шығаруға сүйенгенде гана өзін сенімді, еркін сезіне алады), қорғау принципі (билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны арттыра білу керск), ұтымдылык принципі (билік батымды, өтімді, ықпалды, табанды болғаны жөн, онсыз билік билік бола алмайды), сыр бермеу принципі (билік үшін ен қауіпті нәрсе — шындыкты уакыты-нан бұрын айтып кою).
Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бүл онай шаруа емес, гіпті ең киыны десе де болады. Себебі, кеміпіліктін көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқарутетігіне заңжүзінде рүксат етілген әлеуметтік іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар. Оларға жататынлар: іштей еріксіздік (әміршінін оз билігі озіндс бола бермейді), сақтық (саяси іс-әрекетті алдын ала парасаіты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс), кызметтестік (биліктін мыктылығы бірлесіп іс басқара білуде), шыдамдылык (әміріпі тозімді, тілектес, мейірбаиды болуга тиіс), ымыраға келушілік (биліктін кисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондыктан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге, бірлестіктерге, блоктарға енуге немесе олардан іргені аулаксалуга тура келеді), жауапкершілік (әмірші шексіз билікке кызыкпай, жауапкершілігін сезінгені абзал), үлылык. (билік жүргізуші өзінін ішкі маңыздылығымен, үлылығымен, айбындылығымен бағаланады), мәдениеттілік, табандылык, түрактылык, өзара сындылык жәнет. с. с. Билік — дәйектілігімен, іс-әрекетінін кисындылығымен кадірлі. Керек кезінде соңғы корытынды сөзді айта білгеннің де манызы зор.
Қоғамдық өмірді билік аркылы реттеп, жөнге келтірудін бірнеше түрі бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырылған болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару, шешімдер кабылдау және т. б. бәрі катал орталыктанған еді. Бүл билік қоғамнын прогресті дамуына жол бермейді. Ал кейбіреулер биліктің қай түріне болмасын карсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдер биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлык адамдардың өкіметшешімлерін кабылдауға, билікке қатысуын калайды. Со-дан да болар қоғамныа каркындап дамуына жағдай жасап, халык-тыңтыныс-тіршілігіне жайлы саналатын кдзіргі өркениетгі елдер деп аталып жүрген мемлекеттердегі демократиялык республика, конституциялык монархия және т. б. сиякты биліктердің түрлері дұрыс деп саналуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет