10 Дєріс: Гликогенніњ ±лпаларда синтезделуі мен ыдырауы


Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады



бет4/10
Дата08.02.2022
өлшемі455,5 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 Дәріс гликогеннің қорытылуы және сіңуі

1. Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі.
Фосфорилаза ферменті (М 370 000) әр тізбектің шетінен гликоген молекуласына шабуыл жасайды да глюкоза қалдығын глюкозо-1-фосфат түрінде біртіндеп бөліп шығарады. Фосфорилаза α(1→6)-байланысын үзе алмайды, сондықтан оның әсері глюкозаның төрт қалдығы тармағына жетпей тоқталады. α(1→6)-байланысты гидролиздік жолмен үзілуін (бұл кезде суды қосып алады) α-1,6-гликозидаза ферменті (М 114 000) катализдейді. Осы фермент әсерінен кейін гликогеннің қалдығы фосфорилаза ферменті әсерімен фосфоролизденеді. Осылай фосфорилаза және α-1,6-гликозидаза ферменттерінің кезектесе әсер етуі нәтижесінде гликоген ыдырап, глюкозо-1-фосфатқа және бос глюкозаға (оның бөліну мөлшері 8% шамасындай) дейін бөлінеді.
2. Гликогеннің фосфоролиздік жолмен ыдырап айырылуы нәтижесінде түзілетін глюкозо-1-фосфат, фосфоглюкомутаза ферментінің әсерімен қайтымды изомерленеді де, глюкозо-6-фосфатқа айналады.



Гликоген (глюкозаның n қалдықтары)

Глюкозо-1-фосфат Соңында бос 4-ОН тобы бар,
глюкозаның бір қалдығына
қысқартылған гликоген
Глюкозо-1-фосфат глюкозо-6-фосфат




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет