Глицеральдегид-3-фосфат және дигидроксиацетонфосфаттан фруктозо-1,6-дифосфат синтезделеді, ол С-1 қатысында фосфаттық эфирдің гидролизденуі жолымен фруктозо-6-фосфатқа айналады. Фруктозо-6-фосфат изомерленіп, глюкозо-6-фосфатқаайналады, бұл қосылыс өзінен фосфат қалдығын бөліп шығарады да глюкоза береді. Осылай пайда болған глюкоза не гликоген синтезіне жұмсалады немесе кәдімгі жолмен тотығуға пайдаланылады.
Глюконеогенез жолын схема түрінде былай көрсетуге болады:
Глюконеогенез күйіс қайыратын мал организмінде өте активті жүреді. Жоғарыда баяндалғандай, жем-шөп құрамындағы целлюлоза бактериялық ферменттердің көмегімен ыдырап, глюкозаға айналады. Ол глюкоза ашу нәтижесінде сірке қышқылы, пропион қышқылы, сүт қышқылы, май қышқылы сияқты ұшқыш қышқылдарға айналады. Сүт қышқылы мен пропион қышқылы бауырда глюконеогенез процесі нәтижесінде қайтадан глюкозаға айналады.