15-дәріс. Үстеу. Үстеулердің қалыптасу тарихы. Үстеулерге қатысты ғалымдардың көзқарастары. Үстеудің семантикалық топтары, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Еліктеу сөз. Одағай



бет10/11
Дата29.04.2022
өлшемі23,84 Kb.
#141420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
15-дәріс
ЕСЖ 2, Билет
дара одағай деп аталады. Мысалы: А! Ә! О! Ой! Өй! Пәлі! Тәйт! Тек! Жә!Алақай! Қап! Ойбай! Масқара! Бәсе!
Екі не одан көп сөзден құралып, сөйлемде дайын бірлік ретінде қолданылатын, бір ырғақпен айтылатын, бірігу, қосарлану арқылы жасалған одағай сөздер күрделі одағай деп аталады. Мысалы: Бәрекелді! Мәссаған! Апырмау! Япырмай! Ойпырмай! Әттеген-ай! Қап-ай! Сап-сап! Әукім-әукім!
Одағайлар қосарланып қолданылғанда сезімнің күштілігін, ишара не бұйырықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді. Мысалы: Пай-пай-пай! Тек-тек! Жә-жә!
Бірқатар одағайлар қосарланып айтылмайды. Мысалы: Тәйірі! Қап! Түу! Астапыралда! Енді бірқатары қосарланып қана айтылады. Мысалы: Сап-сап! Пай-пай! Бай-бай! Әлди-әлди! Шөре-шөре! Көс-көс! Көптеген одағай жеке түрде де, бірнеше рет қайталанып та айтыла береді. Мысалы: Ойбай! //Ойбай! Ойбай! Жә! // Жә, жә! Әй! // Әй, әй!
Одағайлар көңіл күй одағайлары, жекіру одағайлары және шақыру одағайлары болып бөлінеді.
Таңырқау, шаттану, қуану, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну т.с.с. мәнде қолданылатын одағайлар көңіл күй одағайы деп аталыд. Көңіл күй одағайлары: аһ, уһ, оһо, пәлі, ойпырай, алақай, бәрекелді, пай-пай, әй, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, шіркін, уа, түу, т.б.
Зеку, жекіру, тыйым салу, бұйыру мәнді одағайлар жекіру одағайлары деп аталады. Жекіру одағайлары: тек, жә, тәйт, т.б.
Төрт түлік мал, ит-құсты шақыру, қуумен байланысты қалыптасқан одағайлар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет