19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Халық майданындағы қайшылықтар және оның



бет73/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Халық майданындағы қайшылықтар және оның құлдырауы. Халық майданы қозғалысы Францияның жаңа тарихындағы ең ірі коғамдык-саяси козғалыс болды. Ол фашистердің билік басына келуіне мүмкіндік бермеді. Оның ірі жетістігі Франциядағы фашистік лигаларға тыйым салу, ірі әлеуметтік реформаларды іске асыру болды. Бүл қозғалыстың тарихи маңызы француз компартиясы мен Коминтерннің сектанттық қателіктері мен шешімдерін жеңудің халықаралық социалистік-қозғалыстың тарихи алауыздығын жеңуге негіз сала алғандығында.

Бірақ Халық майданы катарындағы халыкаралык саясат пен ішкі мәселелер турасындағы келіспеушіліктер 1938 ж. оның ыдырауына алып келді.

1936 ж. жазынан бастап Францияның халықаралық жағдайы нашарлай бастады. 1936 ж. шілдеде Испаниядағы Франко бүлігі Францияға фашистік мемлекеттер қоршауында қалу қаупін төндірді. Осыған қарамастан, Франция Ұлыбританияның қысымымен республикалық Испанияға байланысты араласпау саясатын жүргізді. Социалистер мен радикалдар Блюмнің бұл саясатына қолдау көрсетсе, коммунистер оны катты сынға алды.

Халық майданына қатысушылардың арасында 1938 ж. 30 қыркүйекте қол қойылган Мюнхен келісімі жөнінде де өте терең пікір алшақтықтары орын алды. Бүл келісімге сәйкес Германияның пайдасына Чехословакиядан Судет облысы бөлініп алынған болатын. Франция жағынан бұл келісімге радикал Даладье қол қойды.

Халық майданында француз фашистерінің белсендігінің артуына байланысты да елеулі келіспеушіліктер пайда болды. Әскериленген ұйымдарға карсы қабылданған заңдар саяси партияларға тимеді. Фашистік лигалар партияларға "айналып", белсенді түрде республикаға қарсы шықты. Билік орындары оларға қарсы ешқандай шара колданбады.

Бюджет дефициті мәселесі де жағдайды шиеленістіре түсті. Қаржы тапшылығы Блюм үкіметін бағдарламаларды орындауда "үзіліс" жасауға мәжбүр етті. Бүл жағдай Халық майданына қатысушылардың арасындағы қатынастарды одан сайын ушықтыра түсті. Халық майданының колдауына арқа сүйеген Блюм баскарған соңғы үкімет 1938 ж. сәуірде орнынан түсті.

Жаңа үкіметті басқарған радикал Э. Даладье біртіндеп оңшылдар бағытына сырғи бастады. Даладьенің Мюнхен келісіміне қол қоюы өзара көмек туралы француз-чехословак келісімінің бүзылғандығын білдірді. Бұл үшін үкімет солшыл күштер тарапынан қатал сынға үшырады. 1938 ж. карашада радикалдар партиясы ресми түрде өзінің Халык майданынан шығатындығын жариялады. Даладье үкіметі коммунистер мен социалистердің қолдауынан айырылып, оңшыл күштерге арқа сүйеді.

1938 ж. желтоқсанда ол Италияның Эфиопияны басып алуын мойындады. 1939 ж. наурызында Германияның Чехословакияны басып алуына қарсы ешкандай әрекет болмады. Рас, көрші фашистік мемлекеттер тарапынан күннен күнге күшейіп келе жатқан қауіпке қарсы Франция мен Англия 1939 ж. наурызында ағылшын-француз әскери одағын құру туралы ноталар алмасты. Бірақ бүл Францияны 1940 ж. жеңілістен сақтай алмады.

3. КСРО 30 жж.: казармалық социализмнің орнатылуы

Азамат соғысы аяқталған кезде елдің халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр еді. Сол себепті 20 жж. Екінші жартысы мен 30 жж. Бірінші жартысында Ресейдің алдында тұрған басты міндет мемлекеттің экономикалық дербестігі мен ауыл шаруашылығын қайта құруға қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп қуатын жасау болды.

1925 ж. БК(б)П-ның 14 съезі елді индустрияландыру бағытын жариялады. 1927 ж. желтоқсанында большевиктер партиясының 15 съезі халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдық (1928/29 – 1932/33 жж.) жоспарын дайындау туралы шешім қабылдады. Жоспардың көрсеткіштерін орындау міндетті болды. 1930 ж. жазында өткен партияның кезекті съезінде индустрияландыру қарқынын жеделдету туралы шешім қабылданды. өнеркәсіп өнімдерінің жылдық өсімі 30 % көлемінде белгіленді. Шын мәнісінде, бұл белгіленген көрсеткіштерді орындауға нақтылы мүмкіншіліктер жоқ болатын.

Нәтижесінде бірінші бесжылдықтың тапсырмаларының көптеген көрсеткіштері орындалмады. Дегенмен осы жылдары 1500 аса өнеркәсіп орындары салынды, өндірістің жаңа салалары пайда болды және жаңа қалалар мен поселкелер бой түзеді.

Екінші бесжылдық (1933-1937) жоспарды іске асырғаннан кейін елдің индустриалдық қуаты едәуір артты. Тек екінші бесжылдықта 4,5 мыңнан аса жаңа зауыт-фабрикалар салынды.

1936 ж. қарашада КСРО Кеңестерінің 8 съезінде жаңа конституция қабылданып, ол сталиндік конституция деген ат алды. Кеңес азаматтары кең ауқымды құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Ресми насихаттың тұжырымдауынша, Кеңес Одағы дүниежүзіндегі ең демократиялық мемлекетке айналды.бірақ осы құқықтар мен бостандықтар іс жүзінде өрескел бұрмаланып, бұзылып отырды. Мұның ең айқын мысалы ретінде 30 жж. Орын алған жаппай жазалау мен қуғын-сүргіндерді алуға болады. Шыңына 1937-1938 жж. Жеткен бұл жаппай жазалау барысында жүз мыңдаған жазықсыз жандар құрбан болды: атылды, асылды, түрмелерге жабылып, лагерьлерге айдалды.

Партия мен Кеңес үкіметінің көптеген белгілі қайраткерлері, көрнекті әскербасылары, атақты ғалымдар, жазушылар, мәдениет және көркемөнер қайраткерлері, дипломаттар мен миллиондаған қарапайым жұмысшылар мен шаруалар Сталин мен оның жақын серіктері ұйымдастырған өз халқына қарсы террордың құрбандары болды.

1937-1938 жж. Жаппай жазалау әрекеттерінің елге тигізген шығыны мен соққысы орасан зор ауыр болды. Көптеген тәжірибелі басшылар мен мамандардың асылып, атылып, қамалуына байланысты, шаруашылықты басқару ісі әлсіреді, келешек соғысқа дайындық ісіне кедергі келтірілді, КСРО-ның Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарындағы елеулі сәтсіздіктерге ұшырауына себеп болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет