1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


-билет 1.Экологиялық факторларға талдау жасаңыз



бет59/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#169056
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
биоррр

41-билет
1.Экологиялық факторларға талдау жасаңыз
Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.
1. Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес
2. Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.
Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзөзгертеді.
Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.
Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;
1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.
2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.
3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады.
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады. Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзаларстенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет