1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет3/78
Дата03.07.2020
өлшемі153,37 Kb.
#74842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Социология
6 тарих тапсырма, 6 тарих тапсырма, 7 тарих хаттама, 7 тарих хаттама
Әлеуметтік мінез-құлық адамдардың қоғамдағы іс-әрекеттері мен дағдыларын, қылықтарын анықтайды. Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам әрдайым өзін қоршаған басқа адамдар ортасында болады. Сондықтан оның жеке мінез-құлығы да қоршаған ортамен жиі қарым-қатынаста, байланыста болады. Әлеуметтік мінез-құлық бұл адамның қоғамға, басқа адамдарға, қоршаған табиғат пен заттарға қатысты іс-әрекеті. Адамдар бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түсіп қана қоймай ,бір заттар арқылы не болмаса табиғат арқылы қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас белгілі бір уақытта және кеңістікте өте күрделі және әр алуан болуы мүмкін. Мысалы, сапасыз өнім шығаратын өндірушінің кесірінен жүздеген адамның денсаулығына зиян келуі мүмкін; ит асыраушының ластығынан , біреулердің киімі бүлінуі мүмкін; Парламенттегі заң шығарушылардың қабылдаған заңдары мен шешімдері көптеген адамдардың өмірін қиындатуы немесе жеңілдетуі мүмкін т.с.с.

Әлеуметтік мінез-құлық әртүрлі болып келеді: альтруистік(альтруизм-басқаның қамын ойлау), эгоистік, заңды мүлтіксіз орындаушы немесе заң бұзушы, ауыр немесе жеңіл мінезді, өжет немесе қорқақ, биязы немесе дөрекі т.б. Бұлар әлеуметтік мінез-құлықтың қоғамдық және жеке мінез құлық факторлары арқылы анықталады. (3-схема)Қоғамдық факторларға қоғамдағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды, қоғамдағы позитивті және негативті мінез-құлықұ шарттарының пайда болуы жатады.

Ал жеке тұлғалық факторлар – бұлар индивидтің өзіне тән қасиеттері. Бұларға мыналарды жатқызуға болады:

1. Адамның тума инстинкті, психикалық жағдайы,темпераменті.

2.Индивидтің қызығушылықтары мен мақсаттары, әдеттері.

3.Индивидтің өзіндік ерекшелігінің, дербестігінің дәрежесі.

1.    Индивидтің өзін-өзі дұрыс бағалай алуы.

2.     Жеке адамның қоғамға сай өмір сүруі, адамдармен қарым-қатынасқа түсуі, әлеуметтік нормаларға сай болуы, өзінің іс-әрекетінде еркін тәуелсіз болуы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет