1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру



бет32/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

32.Бөлінбеген табыс аудиті.
Меншіктік капиталдың негізін құраушылардың бірі бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) болып табылады.Аудит жүргізу барысында ең алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезең басындағы және соңындағы қалдықтары Бас кітаптың 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы» және 5420 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал-ордер мәліметтерімен салыстыруы қажет. Содан кейін шаруашылық операцияларының осы шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес есепті кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша VII «Табыстар» бөлімі шоттарымен корреспонденциялана отырып, алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебеті бойьшша VIII «Шығыстар» бөлімінің шоттарымен корреспонденциялана отырып, шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.Заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жылдың залалын жабуға бағытталған резервтік капитал қаржысы сомасына 5300 «Резервтік капитал» шоттары дебеттеледі және 5410 «Есептегі жылдың бөлінбеген табысы» кредиттеледі. Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тең есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезендердің де мәліметтері алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет