1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Дәлелдерге қол жеткізу әдістері



бет34/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

34. Дәлелдерге қол жеткізу әдістері.
Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз—аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәледдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады. Барлық қолдағы бар дәлелдеулерге егжей-тегжейлі талдау жасап, оларды бағалау аудиттің құнын кетеруі мүмкін болғандыктан, бұл мәселе бойынша айқындық қажет. Ол үшін аудиторға өзіне қаңдай дәлелдеулер алу қажет екендігін, оларды қандай кездерден және қандай процедулардың көмегімен алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ және негізді аудиторлық қорытынды жасау үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді болуға тиісті. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көздеріне байланысты. Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талап етіледі. Аудиторлық процедуралар деп аудит өткізу кезінде дәделдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады: бақылау, растау, сұрау беру, түгелдеу жүргізу, құжаттарды тексеру,қайта есептеу, сканерлеу, тексеру, арнайы тексеру және талдамалық процедуралар. Бақылау жүргізу процессіндегі аудитордың жасайтын бірінші қадамы клиент бизнесімен танысу. 310 "Бизнес туралы білім" деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес қаржылық қорытынды есеп берудің аудитін орындау кезінде аудитордың оқиғаларды, операциялар мен қабылданған тәжірибені айқындау және түсіну үшін жеткілікті көлемде бизнес жөнінде білімі болуға тиісті немесе оны алуы керек. Аудитордың пікірі бойынша ол қаржылық қорытынды есепке, тексеруге немесе аудиторлық қорытындыға едәуір әсерін тигізуі мүмкін. Растау дегеніміз-сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.Сұрақ беру нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттен дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырны деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін. үгелдеу-аудитордың материалдық активтерді текесруі және санауы. Бұл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы материалдық босалқылармен байланысты.Құжаттарды тексеруге оқу, іріктеу және құжаттармен танысу, салыстыру және дәлелдеулер жатады. Қайта есептеу деп клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлдігін есептеу процедураларын айтады.Сканерлеу ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша үздіксіз қарап отыру.Арнайы тексеру -тексеру жүргізуге тар мамандықтың иесін тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет