1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Операциялық аудит түрлері



бет50/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

54. Операциялық аудит түрлері.
Халықаралық іс-тәжірибеде бақылаушы-талдамалы жұмысты аудиторлық қызметте ұйымдастырудың негізгі үш парадигмалық типтерге бөледі: операциондық аудит, талапқа сәйкестік аудит және қаржылық есептемесінің аудиті. Операциондық аудиттің зерттеу объектісіне кәсіпорын қызметінің әр түрлі салаларындағы процестер мен өзіндік ерекшелігі бар циклдер, көкейтесті мәселелер жатуы мүмкін. Ал, субъектілеріне - ішкі аудитті құрастыратын бір бөлігі ретінде қарастырылатын ішкі аудитор да: сондай-ақ менеджмент, маркетинг, заң, өндіріс, бухгалтерлік есеп, бақылау, талдау, экономикалық диагноз қою және т.б. мәселелер бойынша мүдделілік таңытқан клиентке кәсіби қызмет көрсетудің немесе кеңес берудің маңызды түрі ретінде саналатын сыртқысы да кіреді. операциондық аудиттің оннан көп түрі бөліп көрсетілген: функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, технологиялық, жүйелі, кешенді, тақырыптық, локальды, процестік, ресурстық, аймақтық, сыртқы экономикалық және т.б. Мысалы, функционалдық аудит шаруашылық жүйесінің бір немесе бірнеше функцияларын зерттейді. Функционалдық аудиттің бір артықшылығы басқарушылық қызметтің объектілері мен түрлері бойынша, оның ішінде, менеджмент, маркетинг, есеп, бақылау және талдау мәселелері бойынша аудиторларды мамандандырады.Ұйымдық аудитте басты назар қызметтерді реттеудің қабылданған стандарттары мен нормаларының, заңдылықтың сақталу нәтижелерінің және нақты функцияларының өзара әрекеттесу нәэтижелерінің тиімділігі мен өнімділігін анықтауға бағытталған. Бұл түр үшін қызметтерді үйлестіруін ұйымдастыру мен әдісін жоспарлау маңызды орын алады.Арнайы аудитті тағайындау әкімшіліктің қажеттілігімен анықталады. Операциондық аудиттің бұл түрі объектілері бойынша да, зерттеу тақырыптары мен бағыттары бойынша да көп қырлы, айталық, салымдардың табыстылығы, пайдалану тиімділігі, қалыптастыру көздері және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет