Бақылау сұрақтары
1. Заңды тұлға ұғымы
2. Заңды тұлға белгiлерi
3. Заңды тұлға туралы теориялар.
4. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен əрекет қабiлеттiлiгi.
5. Заңды тұлға органдары
6. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi.
7.Заңды тұлғаларды дараландырудың тəсiлдерi (тұрған жерi, атауы, өндiрiстiк маркасы, тауарлық белгiсi, тауардың шыққан орнының аталуы)
8. Заңды тұлғалардың пайда болуы мен тоқтатылу негiздерi
9. Заңды тұлғаларды құрудың тəсiлдерi
10. Құрылтай құжаттарының түрлерi мен мазмұны
11. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу
12. Заңды тұлғаларды қайта құру тəсiлдерi
13. Заңды тұлғаларды таратудың тəртiбi
6 тақырып. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. Заңды тұлғаның саралануы
2. Коммерциялық заңды тұлғалар
3. Коммерциялық емес заңды тұлғалар
1. Заңды тұлғаның саралануы
АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлерi мынадай негiздер бойынша жiктеледi:
Заңды тұлғаларға немесе олардың мүлкiне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтарына байланысты:
1)заттық құқықтарға негiзделетiн заңды тұлғалар, 2)мiндеттемелiк құқыққа негiзделген заңды тұлғалар, 3)құрылтайшылары (қатысушылары) заңды тұлға мүлкiне ешқандай құқықтарды сақтамайтын заңды тұлғалар.
Заңды тұлғаның мүлкi негiзделетiн меншiк нысанына қарай:
1) мемлекеттiк заңды тұлғалар, яғни мүлкi үлестерге немесе акцияларға бөлiнбеген және бiртұтас мүлiк ретiнде толығымен мемлекет меншiгiне жататын заңды тұлғалар. (мелекеттiк кәсiпорындар және мекемелер.).
2) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, яғни мүлкi жеке меншiкте болатын заңды тұлғалар.
Заңды тұлғалар қызметiнiң мақсаттарына байланысты (АК 34-б.):
негiзгi мақсаты табыс табуды көздейтiн ұйым коммерциялық заңды тұлғалар деп аталады. Олар тек мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер нысандарында ғана құрыла алады. 2)негiзгi мақсаты пайда табуды көздемейтiн және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн коммерциялық емес заңды тұлғалар. Олар мекемелер, мемлекеттiк мекемелер, акционерлiк қоғамдар(мыс., қор биржасы, зейнетақы қоры), қоғамдық қорлар, қоғамдық бiрлестiктер, дiни бiрлестiктер, тұтынушылар кооперативтерi, қауымдастықтар (одақтар) және заң актiлерiнде көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкiн (АК 34-бап).
Достарыңызбен бөлісу: |